Қазақстанда миллионға жуық адамның табысы 52 мың теңгеден аспайды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, халықтың 4,8 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аз табыспен өмір сүреді.
Кедейліктің ең жоғары шегі Түркістан облысында екен. Онда облыс тұрғындарының 8 пайыздан астамының айлығы шайлығына жетпейді. Маңғыстау мен Абай өңірлерінде де жұрттың әлеуметтік жағдайы жақсы емес.
Еске сала кетейік, күнкөріс деңгейі төмен 968 мың адамның 800 мыңнан астамы бес және одан да көп мүшесі бар отбасылар.