Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде таксистердің өз-өзін реттейтін ұйымдарына кіруі кімдерге міндетті болады?

фото: pixabay.com

Елімізде таксистердің өз-өзін реттейтін ұйымдарына кіруі кімдерге міндетті болады?

05.02.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Көлік министрі Марат Карабаев үкіметте өткен брифингте Қазақстанда такси жүргізушілерінің өзін өзі реттейтін ұйымдарға кіруіне тек заңды тұлғаларды міндеттейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы бизнес қауымдастығында резонанс тудырды. Қазақстандықтар жаңалықтардың такси қызметтерінің қымбаттауына әсер етуі мүмкін деп алаңдап отыр.

“Өзін өзі реттейтін ұйым – қауымдастық, яғни ол заңды тұлға болмайды. Бұл – бірінші мәселе. Екінші мәселе, заң жобасы барлық такси жүргізушісін тартуды көздемейді. Тек заңды тұлғаларды тартуды қарастырады. Ал бізде 2000 компания және 10 мың көлік бар. Бұл жөнінде мәжіліспен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Пилоттық режимде белгілі бір аймақтарда сынап көрмекпіз. Яғни өзін өзі реттейтін ұйымды жаппай енгізуге болмайды”, – деп түсіндірді министр.

Марат Қарабаевтың сөзінше, өзін өзі реттейтін ұйымның құрылуы нарықтағы ашықтықты қамтамасыз етіп, жүргізушілер мен қазақстандықтардың ірі интернет-агрегаторларға қатысты мүдделерін қорғайды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Жалпы, такси қызметтерінің бағасы бәсекелі нарықта қалыптасады. Бұл нарық сұранысына байланысты. Өзін өзі реттейтін ұйым агрегатор мен жүргізуші арасында пікірталас алаңын құруға мүмкіндік береді. Бұл бағалардың төмендеуіне және ашықтықтың енгізілуіне көмектеседі”, – деп түйіндеді министр.

Еске сала кетейік, Жаңа жылдан бастап елімізде ресми тіркеуден өтпеген такси жүргізушілері “Яндекс”, “InDrive-тан” тапсырыс қабылдай алмайтыны мәлім болды. Деректерге сүйенсек, тіпті бір мезгіл жолаушы тасымалдау үшін де алдымен тіркелу қажет. Сонымен қатар әр жүргізуші еңбек және демалыс режимін сақтауға және медициналық тексеруден өтуге міндеттеледі.

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Қазақстанда көлікті бес минуттан артық қыздырғанға айыппұл жоқ

Қазақстанда көлікті бес минуттан артық қыздырғанға айыппұл жоқ

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz