Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде тасқын қайталана бермеу үшін неше су қоймасы керек?

фото: pixabay.com

Елімізде тасқын қайталана бермеу үшін неше су қоймасы керек?

01.04.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Су ресурстары және ирригация министрлігінің орынбасары Нұрлан Алдамжаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында су тасқыны Қазақстанның климатында жыл сайын қайталана беретінін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

– Қазақстанда тасқын болмай, суару маусымында су жеткілікті болу үшін неше қойма салу керек. Ол қоймалар қашан пайда болады, – деп сұрады журналист.

Вице-министрдің сөзінше, бұл тұрғыда министрліктің жоспары айқын.

– Бізде тасқын кезеңі жыл сайын қайталанып отырады. Өйткені бұл өзендердің гидрологиялық цикліне байланысты және жалпы климат солай қалыптасқан. Сондықтан жыл сайын тасқын жағдайлары болып жатады. Әрине, тасқынға ерте бастан дайындаламыз.

Бұл жерде тасқынның суын жинақтау да маңызды. Қазір кейбір өңірлерде су қоймалары «жинақтау» режимінде жұмыс істеп тұр. Ал тасқын қаупі бар учаскелерде су деңгейін қолдан реттеп отырмыз.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазір елімізде 405-ке жуық су қоймасы жұмыс істеп тұр. 2030 жылға дейін тағы 42 жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отырмыз. Олар бірінші кезекте тасқын суды жинақтап, тиімді жаратуға бағытталады. Әрине, қоймалар өзен арналарын тиімді реттеу арқылы тасқын салдарын болдырмауға мүмкіндік береді, – деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, қазір халық әсіресе шағын өзендерден көп зардап шегіп отыр.

– Қазір елдегі су қоймаларының саны жеткіліксіз деп айтуға болады. Қазір жұмыс істеп тұрған 405 су қоймасы шамамен 80 млрд текше метр су жинақтай алады. Қазіргі жағдайда олардың сыйымдылығы жеткілікті. Ал мен айтып отырған 42 қойма қысқа мерзімді тасқын судың негізгі бөлігі келетін шағын өзендердің бойына салынады. Осы тұрғыдан алғанда жаңа су қоймаларына қажеттілік бар, – деді Нұрлан Алдамжаров.

 

Тег: су қоймасысу тасқыны

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Жыл басынан бері мал ұрлығы қай өңірлерде жиі анықталды?

Жыл басынан бері мал ұрлығы қай өңірлерде жиі анықталды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz