Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Еліміздегі қай медициналық ұйым ең үздік болып саналады?

фото: pixabay.com

Еліміздегі қай медициналық ұйым ең үздік болып саналады?

28.03.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша үздік медициналық ұйымдар мен ғылыми орталықтардың рейтингі қалыптасты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсететін жеке медициналық мекемелерді қоса алғанда, медициналық ұйымдар мен республикалық ғылыми орталықтардың рейтингін жасады.

Жалпы рейтингте меншік нысанына және бейіндік бағытына қарамастан, негізгі тоғыз санат бойынша бөлінген Қазақстанның 20 өңіріндегі 772 медициналық ұйым қарастырылды.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Бұл ғылыми-зерттеу институттары/ғылыми орталықтар, ересектерге арналған көп бейінді стационарлар (облыстық/қалалық), балаларға арналған көп бейінді стационарлар (облыстық/қалалық), босандыру ұйымдары (перзентханалар/перинаталдық орталықтар), МСАК көрсететін медициналық ұйымдар, онкологиялық орталықтар/диспансерлер, туберкулезге қарсы диспансерлер/фтизиопульмонология орталықтары, психикалық денсаулық орталықтары және аудандық ауруханалар (орталық/ауданаралық).

Әдістемеге сәйкес рейтингті есептеу кезінде 14 клиникалық индикатор, сондай-ақ аккредиттеу туралы ақпарат және негізделген шағымдардың саны туралы мәліметтер ескерілді.

— Республиканың 17 ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталығының ішінде «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ (Алматы қ.), «А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ (Алматы қ.) және «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ (Астана қ.) көшбасшы болып танылды. 15 онкология орталығының арасында клиникалық индикаторлар мен менеджмент көрсеткіштері бойынша Алматы қаласының ДСБ «Алматы онкология орталығы» ШЖҚ КМК, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ (Алматы қ.), ШҚО ДСБ Шығыс Қазақстан облыстық көпбейінді «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК үздік атанды, — делінген хабарламада.

Ересектерге арналған 84 көпбейінді стационардың ішінде медициналық көмек көрсету деңгейі бойынша алдыңғы қатарлы ДСБ «Қарағанды қаласының № 1 көпбейінді ауруханасы» КМК, «Қонаев қаласының көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК болды.

24 көпбейінді балалар стационарының ішінде Алматы қаласының ДСБ «№ 2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Қызылорда облысының ДСБ «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК, ДСБ «Қарағанды қаласының көпбейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК көшбасшы болды.

178 аудандық аурухананың қызметін бағалау қорытындысы бойынша АО ДСБ «Абай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Ақтөбе облысы ДСБ ШЖҚ ММ «Әйтеке би АА» МКК, Ақтөбе облысы ДСБ ШЖҚ ММ «Хромтау АА» МКК үздік атанды.

МСАК-тың 385 ұйымының ішінде менеджмент және клиникалық көрсеткіштер бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген еліміздің 5 үздік қалалық емханасы анықталды.

Бұлар Астанадағы ҚР ДСМ «Республикалық медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы», Алматы қаласының ДСБ «№ 17 қалалық емханасы», БҚО әкімдігі ДСБ «№ 4 қалалық емханасы», «Sofie Medgroup» көпбейінді клиникасы» ЖШС (Ақтау Қ.), Павлодар қаласы әкімдігінің «№ 3 емханасы».

2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары, ҒЗИ және ҰО қызметін рейтингтік бағалау өңір мен республика деңгейінде медициналық көмек көрсету бейіндері бойынша саралауды жүргізуге мүмкіндік беретін өзекті әдістемеге сәйкес жүргізілетінін айта кеткен жөн.

Медициналық ұйымдардың толық рейтингімен ҰҒДСДО сайтында сілтеме бойынша танысуға болады.

 

Тег: медициналық ұйым

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қандай мамандар елімізден кетіп жатыр?

Қандай мамандар елімізден кетіп жатыр?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz