Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізге қауіпті ауру түрлері еніп кетпес үшін не істеліп жатыр?

фото: pixabay.com

Елімізге қауіпті ауру түрлері еніп кетпес үшін не істеліп жатыр?

29.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлемде қауіпті түрлі індеттің таралуына қатысты еліміздегі нысандарда қауіпсіздік қаншалықты күшейтілгенін түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz.

«Қазақстан аумағына жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық және індетке қарсы іс-шаралар атқарылып жатыр. Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау жұмыстары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегі бойынша эндемиялық елдерге сапарлауды жоспарлап отырған азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады», – делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 16 тамыздағы «Тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар және коронавирус инфекциясы бойынша 2024-2025 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы» қаулысына сай медициналық ұйымдарда қызметкерлердің маска тағу режимі енгізілді.

Комитет мәліметіне сәйкес, еліміздегі адамдардың құс тұмауы ауруын жұқтыру жағдайы 2009 жылдан бері тіркелген жоқ. Шет елден келген азаматтарға міндетті термометрия өткізу тұрғысында шекарадағы санитариялық-карантиндік бақылау пункті тәулік бойы іске асырып жатыр.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Қазақстанда маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі инфекция елімізге еніп кетпес үшін тиісті шараларды қабылдады. Бұл індетпен күресте білікті мамандар жеткілікті. Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық, зертханалық қызметтің және басқа да жұмылдырылған қызметтердің дайындығына мониторинг жүргізіледі», – деп аталып өткен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ақпаратында.

Тег: ауруденсаулыққұс тұмауы

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Биыл әлеуметтік салада қанша жемқорлық қылмысы тіркелді?

Биыл әлеуметтік салада қанша жемқорлық қылмысы тіркелді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz