Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

фото: pixabay.com

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Euronews порталына сілтеме жасап.

2014 жылы Еуроодаққа мүше мемлекеттердегі 25–74 жас аралығындағы халықтың небәрі 26%-ы жоғары оқу орнын тәмамдаса, 2024 жылы бұл үлес 33,5%-ға жеткен.

Жоғары оқу орнын аяқтаған 25–34 жастағы жастар үлесі бойынша алдыңғы қатарда тұрған мемлекеттер:

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025
Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025
  • Ирландия

  • Люксембург

  • Кипр

Аталған елдерде жастардың 60%-дан астамы жоғары білімге ие.

Ал Румыния керісінше — соңғы орында қалып отыр: бұл елде 25–34 жас аралығындағы жастардың 30%-дан азы жоғары оқу орнын бітірген, бұл — ЕО елдері ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

Ұрпақтар арасындағы айырмашылық

Мәліметтер әр жастағы топтардың білімге деген көзқарасында елеулі өзгерістер барын байқатады:

  • 25–54 жас аралығындағы азаматтардың 82,7%-ы кем дегенде орта білім алған;

  • Ал 55–74 жас арасындағы аға буын өкілдерінің ішінде бұл көрсеткіш – 70,4%.

Жастардың жоғары білім алу мүмкіндігі үлкендерге қарағанда екі есе көп:

  • Жастар арасында бұл үлес – 39,8%,

  • Егде жастағыларда – 23,9%.

Кәсіби білімге бетбұрыс

Кәсіби білім алу көрсеткіші елге және жас шамасына байланысты айтарлықтай ерекшеленеді:

  • Люксембургте орта білім алғандардың 96%-дан астамы кәсіптік бағытты таңдаған (жас пен аға буын арасында).

  • Португалияда үлкендердің тек 13,5%-ы ғана кәсіби білім алған, ал жастар арасында бұл көрсеткіш – 37,2%.

Грекия, Ирландия, Испания және Кипрде де осындай кәсіптік білімге бет бұру үрдісі байқалады. Бұл — Еуропада нақты практикалық дағдыларға бағытталған оқыту жүйесіне көшу үдерісін айқындайды.

Әйелдердің білім деңгейі ерлерден жоғары

Бүкіл Еуропа бойынша әйелдер ер адамдарға қарағанда жиі әрі ұзақ оқиды.

  • 2024 жылы 25–34 жастағы әйелдердің 49,9%-ы жоғары оқу орнын бітірген;

  • Ерлер арасында бұл көрсеткіш – 38,7%.

Соңғы онжылдықта бұл айырмашылық 1%-ға арта түскен.

Орта білім деңгейінде де айырмашылық бар:

  • 20–24 жас аралығындағы әйелдердің 86,8%-ы,

  • Ерлердің 81,8%-ы орта білімге ие.

Тек Румынияда ер адамдар әйелдерден сәл алда тұр.

Бұған дейін Франция сарапшысы Еуропаның алдында тұрған негізгі қауіп туралы пікір білдірген болатын.

 

Тег: білімЕуропа

Ұқсас материалдар

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Жұмыс беруші арыз жазуға мәжбүрлесе не істеу керек?

Жұмыс беруші арыз жазуға мәжбүрлесе не істеу керек?

27.05.2025

Кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерді «өз еркімен» жұмыстан шығуға мәжбүрлеп, еңбек заңнамасын өрескел бұзып жатады. Мұндай жағдайда көпшілік құқықтық сауатсыздықтан амалсыз...

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz