Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда әскери оқу орындарына түсу қағидалары өзгерді

фото: pixabay.com

Қазақстанда әскери оқу орындарына түсу қағидалары өзгерді

10.04.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
5
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қорғаныс министрлігінің жаңа қағидасы биыл 18 сәуірден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Талапкерлер өтінішті әскери колледждердегі қабылдау комиссияларына тапсырады немесе электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы жеке ЭЦҚ-мен немесе ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірді порталдағы жеке кабинетке тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік құпиясөзбен растап, құжаттар пакетін тіркейді.

Құжаттар тізімі:

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025
  1. Еркін нысандағы өтініш немесе рапорт (тегі, аты-жөні, туған күні, тұрғылықты мекенжайы, заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетіледі);
  2. Жеке куәлік (түпнұсқа тексеру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды нұсқасы; 16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқа тексеру үшін);
  3. Әскери билет көшірмесі (тек әскери қызметшілер мен қордағы әскери қызметшілер үшін, түпнұсқа);
  4. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім туралы аттестат/диплом (түпнұсқа және көшірме); әскери колледжге негізгі орта білім негізінде түсетіндер үшін негізгі орта білім туралы куәлік;
  5. ҰБТ сертификаты (әскери колледжге түсетіндер мен мерзімді әскери қызметін өткеріп, конкурстан өткендерден басқа); кемінде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша — кемінде 7 балл, басқа пәндерден — кемінде 3 балл;
  6. 075/у нысанындағы медициналық анықтама және келесі зерттеулер (оқу орнына келгенге дейінгі соңғы 30 күн ішінде алынған):
  7. жалпы қан талдауы;
  8. сифилиске микрореакция;
  9. жалпы зәр талдауы;
  10. мұрын қуысының рентгенографиясы;
  11. 12 арналы ЭКГ (тыныштықта; қажет болса жүктемемен);
  12. кеуде қуысын флюорография (үш айдан кешіктірілмей);
  13. бруцеллезге қан талдауы (мал ұстайтындарға);
  14. амбулаториялық науқас картасы;
  15. екпе картасы.
  16. Ұшу мамандығына түсетін талапкерлер қосымша:
  17. Жүктемеден кейінгі ЭКГ;
  18. Қалқанша безі, жүрек, несеп-жыныс жүйесі УДЗ;
  19. Қандағы қант, В және С гепатит маркерлері;
  20. Тоналды аудиометрия;
  21. Электроэнцефалография.

Қосымша құжаттар (бар болса):

  • Спорттық разряд, республикалық немесе халықаралық жарыстардағы жүлделі орын, білім олимпиадаларындағы жүлделер туралы құжаттар (мерзімді қызметін өткеріп, конкурстан өткендерден басқа);
  • 3×4 өлшемді 4 фотосурет;
  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (ата-анасының қайтыс болуы, құқығынан айырылуы, хабар-ошарсыз кетуі және т. б.) тиісті құжаттар көшірмесі (түпнұсқамен салыстыру үшін);
  • Әскери қызметте қаза тапқан немесе мүгедек болған, із-түзсіз жоғалған әскери қызметшілердің балалары — жергілікті әскери басқару органының анықтамасы;
  • Арнайы тексеруден өткені туралы анықтама (негізгі орта білім негізінде түсетіндерден басқа);
  • Мерзімді әскери қызмет өткергендер — әскери бөлімдегі конкурстан өткені туралы сертификат.

Қосымша шарттар:

  • Жалпы орта білім негізінде түсетіндер 10 маусымға дейін жергілікті әскери басқару органына немесе портал арқылы өтініш береді;
  • Оқуға қабылданғандар әскери колледж аумағында тұрады және бейбіт уақыт нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі;
  • Жалпы орта білім негізінде оқуға қабылданғандар әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады;
  • Негізгі орта білім негізінде оқитындар 3-курсқа көшкенде келісімшарт жасасады;
  • Оқуға қабылданғандар 29 тамызға дейін колледжге келуге тиіс;
  • Құжаттар толық ұсынылса — «жеке кабинетке» қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі;
  • Мерзімді әскери қызмет өткергендер оқу жылында 24 жасқа толмаған болса, 10 маусымға дейін өтініш береді;
  • Қайта оқу үшін — еркін нысандағы өтініш пен транскрипт ұсынылады;

Құжаттар толық болмаса немесе мерзімі өтіп кетсе, өтініш қабылданбайды. Портал арқылы өтінген жағдайда — «жеке кабинетке» бас тарту мәртебесі жіберіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз немесе электронды түрде ұсынылады.

Еске сала кетсек, өткен жылы еліміздің әскери оқу орындарында жаңа мамандықтар пайда болатыны айтылған еді.

 

Тег: әскери мектеп

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz