Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
«Қазақстанда өмірге қауіпті дәрі сатылып жатыр»: ДСМ жауап берді

«Қазақстанда өмірге қауіпті дәрі сатылып жатыр»: ДСМ жауап берді

10.09.2023
Жаңалықтар, Жаңа Қазақстан
503
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Әлеуметтік желіде ер адам Қазақстандағы дәріханаларда қауіпті дәрілердің барын айтқаны туралы видео пайда болды, деп хабарлайды Kaskelen.kz

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Басылым оқырмандары редакцияға белгісіз ер адамның жасаған мәлімдемесін тексеруді сұрады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Желіде тараған видеода ер адам Қазақстандағы дәрі-дәрмектердің алтыдан бір бөлігі – контрафакт екенін, ал дәріханалардағы кейбір танымал дәрілер қауіпті екенін айтады.

Фактчекерлердің жазуынша, видеода ер адам бірнеше шындыққа жанаспайтын мынадай ақпаратты айтқан:

Қазақстандағы дәрілердің алтыдан бір бөлігі – контрафакт (шынайы дәрі емес);

Қазақстан Республикасының кеденінде вазелин, бұрыш және лимон сығындысынан тұратын “Фастум гель” препаратының партиясы тәркіленді;

Қарағандыда 35 жастағы автобус жүргізушісі құрамында егеуқұйрық уы бар “анальгинді” ішкеннен кейін жарты сағаттан соң көз жұмды. Тағы 16 адам сол дәріден қатты уланған;

Алматыда дәріханалардың тексерісі барысында “Но-шпа” препаратының маркасымен қарапайым бор сатылғаны анықталды.

Бұл ретте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бұл ақпараттың әрқайсысын жоққа шығарды.

“Бүгінде осы хабарланған жағдайлардың негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы заң бұзушылықтар анықталған жоқ және тіркелмеген.

Осылайша белгісіз лектордың “фактілерінің” ешқайсысы расталмаған, яғни бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Айта кетейік, елімізде барлық дәрі-дәрмек дәріхана сөрелеріне жеткізілмес бұрын сапасы мен қауіпсіздігі және тиімділігі жағынан міндетті сараптамадан өтеді”, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тег: Дәрі-дәрмекДСМкаскеленкз

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Елімізде электр қуатының тарифі қымбаттайды

Елімізде электр қуатының тарифі қымбаттайды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz