Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

фото: pixabay.com

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық бастамалардың нәтижелігін айғақтайды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз жиынында Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Роза Тәтиева хабарлады.

Оның сөзіне сүйенсек, елімізде темекі шегетін адамдардың үлесі 30 пайызға азайған. Темекіден бас тартқан жастар спортпен шұғылданып, шығармашылық бағыттарға көңіл бөле бастаған. Дегенмен, спикер вейп пен электронды шылымға әуестенушілердің артқанын, әсіресе бұл өнімдердің жеткіншектер арасында кең тарап жатқанын тілге тиек етті.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

– Кейбір жастар кальянды зиянсыз деп ойлайды. Бірақ бір рет кальян шегу — 100 дана темекі тартқанмен тең. Оның түтінінде никотин, шайыр мен ауыр металлдар темекідегі мөлшерден 3–5 есе көп болуы ықтимал, – деді маман.

Кальянды жабық кеңістікте пайдаланғанда, оның түтіні жұқпалы аурулардың таралуына себеп болады. Ал бір мундштукты бірнеше адамның қолдануы — инфекциялардың берілуіне тікелей жол ашады.

– Кальян – тек ағзаны улайтын құрал емес, сонымен қатар жастарды тәуелділікке итермелейтін әлеуметтік құбылыс. Ол темекіден де қауіпті, – деп ескертті Роза Тәтиева.

Мамандардың айтуынша, адам зиянды дағдыдан неғұрлым ертерек арылса, кейін оған қайта оралу қаупі соғұрлым төмен болады. Сондықтан жас ұрпақтың салауатты өмір салтына бет бұруына қолайлы жағдай жасау — мемлекет пен қоғамның ортақ әрі маңызды міндеттерінің бірі.

Оның айтуынша, темекіден арылғысы келетіндер үшін еліміздегі емханаларда 86 арнайы кеңес беру бөлмесі жұмыс істеп тұр.

 

Тег: вейпкальянтемекіЭлектронды темекі

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Жұмыс беруші арыз жазуға мәжбүрлесе не істеу керек?

Жұмыс беруші арыз жазуға мәжбүрлесе не істеу керек?

27.05.2025

Кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерді «өз еркімен» жұмыстан шығуға мәжбүрлеп, еңбек заңнамасын өрескел бұзып жатады. Мұндай жағдайда көпшілік құқықтық сауатсыздықтан амалсыз...

Келесі
Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz