Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанның энергетика жүйесі Ресейге тәуелді болып қалмайды ма?

фото: pixabay.com

Қазақстанның энергетика жүйесі Ресейге тәуелді болып қалмайды ма?

19.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Росатомның» Қазақстанда АЭС салуы мүмкін компаниялардың тізімінде болуы Астананы Мәскеуге энергетикалық тұрғыдан тәуелді ете түспей ме? Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке Астана тұрғындарымен кездесу алдында өткен баспасөз мәслихатында осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Біз қандай бір елге тәуелдіміз немесе тәуелді емеспіз деп айтпаймыз. Өзара қуат алмасу арналары бар екені түсінікті. Екі арада коммерциялық тұрғыдан негізді болып есептелетін өзара энергия тасымалы бар. Өзара резервтеумен байланысты режим жүйелері бар. Қазір Қазақстан ғана емес, барлық елдер өз энергетикалық жүйесінің тәуелсіздігіне, жүктемені өзіндегі қуат көздерімен жабуға, қажет болған жағдайда автономды режимде жұмыс істеу мүмкіндігіне басымдық береді. Яғни, бұл біздің жоспарлау жұмысымыздың бір элементі. Сондықтан да біз Қазақстан аумағында ауқымды түрде қуат көздерін іске қосып жатырмыз», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сонымен қатар, ол мұнай экспортында да бір ғана маршрутқа тәуелділіктен арылу жолдары пайда болып келе жатқанын айтты.

«Мұнай тасымалына келсек, бізде Ресей аумағынан бөлек Қытайға экспорттау мүмкіндігі бар. Транскаспий көлік маршрутын дамыту бағытында үлкен жұмыстар атқардық. Бізде Әзербайжан тарабымен «Баку-Супса» экспорттық мұнай құбырына пайдалану бойынша келісім бар. «Тбилиси-Жейхан» бағытымен мұнай жеткізуді қазірдің өзінде бастап кеттік. Теміржол арқылы Солтүстік-Оңтүстік дәлізі арқылы мұнай тасымалдау мүмкіндігі бар. Біз балама жолдарды көріп отырмыз және сіз көтерген мәселені назарда мықтап ұстап отырмыз», – деді Энергетика министрі.

Тег: Ресейэнергетика

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Су ресурстары мен суару саласында қандай нәтижелерге қол жеткізілді?

Су ресурстары мен суару саласында қандай нәтижелерге қол жеткізілді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz