Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Құқық қорғау органдарында ЖИ енгізу процесі қалай жүріп жатыр?

фото: pixabay.com

Құқық қорғау органдарында ЖИ енгізу процесі қалай жүріп жатыр?

15.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазір көптеген салаға жасанды интеллект енгізіліп жатыр. Сенат қабырғасында ЖИ-ді құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

– Электрондық істің артықшылығы басым. Бұл дегеніміз қылмысты, тергеу нәтижелері және барлық кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тарту туралы деректерді жинауды автоматтандыру және жеделдету, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жалған мәлімдеме жасау тәуекелін болдырмау, – деді Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттандыру, цифрландыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бастығы Қадыржан Жаркенов жиын барысында.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, электрондық құжаттардың үлгілерін автоматты түрде қалыптастыру арқылы процессуалдық құжаттарды әзірлеу және келісу рәсімдері едәуір жеңілдеген.

– Сот сараптамаларын тағайындау және олардың нәтижелерін алу да қазір электрондық форматта жүзеге асырылады. Адвокаттар «Заң көмегі» жүйесімен интеграция арқылы автоматты түрде тағайындалады. Процеске қатысушылар ЕҚДБ ашық секторы арқылы процессуалдық құжаттардың көшірмелерін ала алады. Сонымен қатар, құқықтық және қылмыстық статистиканың толықтығы, объективтілігі мен шынайылығы қамтамасыз етіледі, – дейді ол.

Сонымен қатар маман бүгінде қылмыстық процестің тіркеуден бастап прокурорлық қадағалауға дейінгі негізгі кезеңдері толық цифрлық форматқа ауыстырылғанын айтты.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

– 2018 жылдың басында электрондық форматта тергелетін қылмыстық істердің үлесі 5% болса, 2024 жылдың соңында және биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 95%-ға жетті, – деп толықтырды Қ.Жаркенов.

Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінде «Жасанды интеллект: оның технологияларын құқық қорғау және сот қызметіне енгізу және қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Сенат депутаттары, құзырлы органдардың өкілдері мен сала мамандары қатысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров жасанды интеллектіні енгізуде адамның құқығы мен жеке деректері қатаң сақталуы керектігін айтқан еді.

 

Тег: ЖИқұқық қорғау органдары

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Еліміздің халықаралық резервтері қанша долларға жетті?

Еліміздің халықаралық резервтері қанша долларға жетті?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz