Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Онлайн төлем: Аударым қабылдаушы мен жолдаушы нені ескеруі қажет?

фото: pixabay

Онлайн төлем: Аударым қабылдаушы мен жолдаушы нені ескеруі қажет?

23.02.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
117
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Коронавирус пандемиясынан кейін халық төлемдерді онлайн түрде жасау ыңғайлы екенін аңғарды. Кезінде қолма-қол ақшаны ұстап жүрген адамдар қазір бүкіл қаражатын телефонында ұстағанды жөн көреді. Осылайша соңғы жылдары халық мобильді аударымдарға үйреніп алды. Алайда 2024 жылдың басында міндеттелген жалпыға бірдей декларация интернет-банкинг қолданушыларын біраз қыңжылтқаны рас. Сол себепті қазір сіздерге онлайн төлемдерде қандай ережелерді сақтану керектігін айтатын боламыз.

«100 аударым» қағидаты

2024 жылы жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде бүкіл жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың иелері, аталған жандардың жұбайлары кіріс декларациясын тапсырады. Еске салсақ, бұған дейін әуелі мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, одан кейін квазимемлекеттік сектор қызметшілері мен жұбайлары кіріс декларациясын тапсыра бастаған еді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Ендігі кезек жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың (жеке кәсіпкерлік, ЖШС) иелері мен жұбайларына келіп отыр. Олар 15 қыркүйекке дейін иелігінде қандай мүлік бар екенін, қайдан қандай табыс алатынын №250 қалыптағы декларацияда көрсетуге тиіс. Аталған санаттағы азаматтардың банктер арқылы жүргізген қаржылық операциялары назарға алынады. Мобильді «100 аударым» қағидатының жалпыға бірдей кіріс декларациясымен түйісетін жері осы тұс.

2024 жылдың 15 қыркүйегінде жеке кәсіпкерлер мен жұбайы тапсырған декларациялар қабылдау аяқталады. Ал 2025 жылы елдегі бүкіл банктер 2024 жылы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлға иелері іске асырған қаржылық операциялар туралы мәлімет ұсынады. Осы кезде үш ай қатарынан бірнеше тұлғадан 100-ден астам аударым қабылдаған декларация иелері ол аударымдардың кәсіпкерлікпен байланысы жоқ екенін дәлелдеу керек болады.

Арнайы кәсіпкерлік шот

Қолма-қол ақшасыз төлем пайда болған сәттен бастап заңды түрде жұмыс істеуге талпынған кәсіпкерлер арнайы кәсіпкерлік шот ашқызған. QR код арқылы, мобильді төлем (коммуналдық тарифтерді банк қосымшасынан төлеу – ред.) арқылы қабылданған ақша осы шотқа түседі. Мұндай кәсіпкерлерге «100 аударым» қағидатының қатысы жоқ.

Алайда бұл жеке шотты коммерциялық төлем қабылдауға пайдалануға болады деген сөз емес. Тіпті жеке шотқа жасалған аударымға түбіртек шығарған күннің өзінде бұл заңсыз болып есептеледі.

Аударымдарды қадағалау қосылған құн салығының құрығы емес пе?

Қазір жеке кәсіпкер ретінде тіркелген шағын бизнес нысандары 1-4 пайыз аралығында, минималды мөлшерлеме бойынша салық төлеп отыр. 29 желтоқсандағы Үкімет қаулысымен бөлшек сауда салығының қатары кеңейтілді. Бұған дейін 190 қызмет түрі төленсе, енді 364 қызмет түріне осы салық енгізілді, яғни бұлардың бәрі қосылған құн салығын төлемейді. Айналымы 2 млрд теңгеден аспайтын кәсіпкерлер айналымының 4 пайызы көлемінде ғана салық төлейді. Бұл күндік айналымы 5 млн теңгеден аспайтын кәсіпкерлер деуге болады. Бірақ акциздік тауар сататын, қызметіне түрлі органдардың рұқсатын, сертификатын алуды қажет ететін қызмет түрлері айналымына қарамастан, бұл қатарға кірмейді. Қарағанды және Қызылорда облыстарының мәслихаттары ішкі шешім арқылы оның екі есе төмендетіп, 2 пайызға түсірді. Демек, бұл екі өңірдің аумағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің жылдық айналымы 2 млрд теңгеден аспаса, 2 пайыздық салық төлейді. Астана мәслихаты 3 пайыздық меже қойып отыр, яғни мемлекет жергілікті мәслихаттарға салықтың бұл мөлшерлемесін түсіріп тағайындауға мүмкіндік берген.

Кассада немесе таксиде қолма-қол ақша талап еткен жағдайда не істеу керек?

Жергілікті салық органына жүгіну керек. Салық органы ондай шағымдардың мәліметін жинастырып, тексеру ұйымдастырады. Бұл жерде бір адамнан шағым түскені үшін кәсіпкерді бас салып тексере кетпейді. Басқа да адамдардан нақты осы кәсіпкердің, сатушының, дүкеннің үстінен осындай мәндегі шағым түсуін күтеді. Соларды жинақтап барып қана рейдке шығады.

Туысқандар арасындағы аударымдардың сомасына шектеу қойыла ма?

Мобильді аударымдардың сомасына қарап кәсіпкерлік белгілерін анықтау тетігі заңнамада қарастырылмаған. Демек, туысқандар мен таныстар арасындағы коммерциялық емес аударымдардың сомасына салық органдары ешқандай шектеу қоя алмайды. Сәйкесінше, жеке шотқа бір айдың ішінде жолданған аударым саны үш ай қатарынан 100-ден аспаса, сомасына бола мониторингке алынбайды.

Такси жүргізушілері нені білу керек?

Такси жүргізушілеріне арнайы салық режимі бар. Ол режимге ену үшін такси жүргізушісіне жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек. Сонда табысынан 1 пайыз салық төлейді. Патент алып та, 1 пайыз салық төлей алады.

Адам тасып немесе онлайн тапсырыс орындап ақша табатын адамдар салық жағына бас ауыртқысы келмесе, «Салық агенті» тетігін пайдалана алады. Жаңа Салық кодексінде осындай норма қаралып жатыр, яғни «Яндекс-такси» немесе «Яндекс-жеткізу» сияқты операторлар өзі жұмыс берген тасымалдаушылардың салық агенті ретінде салық органдарымен жұмыс істейді, тасымалдаушылар үшін бюджетке салық аударып отырады. Оның шығыны қызмет бағасына қосылуы мүмкін.

Такси жүргізушісінің жылдық айналымы 12 млн теңгеден аспаса, соның 1 пайызын ғана салық ретінде төлейді.

Қайырымдылық аударымдарының санына шектеу бар ма?

Қайырымдылық мақсаттағы аударымдар арнайы шоттар арқылы өтуі керек. Егер қайырымдылық қор ақша жинап жатқан болса заңды тұлғаның атына шот ашу керек.

Қиындыққа тап болған адам жақынының еміне немесе табиғи апат салдарынан үйсіз қалғаны үшін жеке шотына қайырымдылық аударымдар қабылдаған болса, салық органдарының назарына ілігуі мүмкін.

Бірақ тексеру кезінде банк өкілдеріне немесе кейін салық органдарына мән-жайды түсіндіріп, кәсіпкерлік қызметтен кіріс табу емес екенін дәлелдейді. Науқасқа ақша жинаған болса, медициналық құжаттары керек. Ал үйсіз қалған болса, ол туралы акт болуы шарт. Ақшаның осы мақсаттарға жұмсалғанын түбіртектер арқылы дәлелдейді.

Қайырымдылық ұранымен ақша жинайтын блогерлердің аударымдары қалай қадағаланады?

Тек блогерлер ғана емес, басқа азаматтар да қайырымдылық мақсатпен мобильді аударымдар қабылдауы мүмкін. Ондай мобильді аударымдар саны 100-ден асса, салық органдарына келесі жылда тиісті мәлімет түседі. Соның негізінде салық органы шот иесіне арнайы хабарлама жібереді. Осыдан кейін шот иесі салық органдарына аударымның қайырымдылық мақсатқа жұмсалғанын түбіртек пен анықтама, акт сияқты құжаттарды көрсету арқылы дәлелдейді. Мұндай жағдайда оған адамға салық міндеті қойылмайды.

Тег: банкдекларациякаспимобильді аударымонлайн дүкенонлайн сауда

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Миллион теңге жалақы алу үшін қай салада қызмет ету керек?

Миллион теңге жалақы алу үшін қай салада қызмет ету керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz