Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

фото: pixabay.com

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем дегенде үш жыл қаражат жинауы тиіс, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін клиенттер несиесін ерте өтесе, қолданыстағы депозитті қайта пайдаланып, жаңа ипотека ала алатын. Алайда енді бұл мүмкіндік жойылды: несие толық жабылған жағдайда, депозиттегі ақша да соған жұмсалады. Нәтижесінде, келісімшарт тоқтатылып, шот жабылады. Ал жаңа үй алу үшін азамат қайтадан депозит ашып, жинақ бастауға мәжбүр.

“Біз салымшыларға депозит санынан, несие санынан шектеу қоймаймыз. Бір адам 10 немесе 20 депозитке дейін аша алады. Сол әр депозит бойынша несие ала алады. Бұл енді жабық жүйе болған соң, бүкіл салымшылар бір-бірін қаржыландырып, депозиттерін толықтырып, содан банк тұрғын үй займдарын береді”, – дейді “Отбасы банк” АҚ банк өнімдерін әзірлеу басқармасының бастығы Жанболат Калменов.

Жаңа талаптарды Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та қолдайды. Оның айтуынша, кейбір азаматтардың несиені бірнеше айда жауып, қайта ипотека рәсімдей беруі – әділетсіздік тудырады. Себебі баспанаға ұзақ жыл ақша жинап жүрген азаматтарға қаржы жетпей қалуы мүмкін.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Ақшасы барлардың өзі 3 ай, 6 айда үй алып кетіп жатыр. Бұл дұрыс емес қой. Сіз барсыз мысалы, басқа да азаматтар бар айлығынан ай сайын 50 мың, 100 мың, 80 мыңдап құйып, 3-4 жыл дегенде әзер қол жеткізіп жүрген. Сондықтан сол тұрғыдан енді аналар қайта-қайта 3-4-5 үйін ала берсе, дұрыс емес қой. Одан банктің активтері де азая береді”, – дейді Дәулет Мұқаев.

Тег: Отбасы банкпәтертұрғын үйүй

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz