Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Павлодарда қыздарды зорлап, қылқындырып өлтірген қылмыскерлер бостандыққа шықпақ

фото: ашық дереккөз

Павлодарда қыздарды зорлап, қылқындырып өлтірген қылмыскерлер бостандыққа шықпақ

10.01.2024
Жаңалықтар
152
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Петропавлда 90-жылдары қатігездікпен қылмыс жасаған екі адам бостандыққа шығайын деп жатыр. Тұрғындар сериялық адам өлтірушілер мен зорлаушылар бұрынғы әдеттеріне басады деп үрейленуде, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Осыдан 25 жыл бұрын қыз сабақтан кейін үйге оралмаған. Басы сынып, 13 пышақ жарақаты бар 1-сынып оқушысының денесі 1998 жылы 19 желтоқсанда орманнан табылған. Сол жазда Петропавлдың шетінде атышулы белгісіз маньяк жүрген еді. Ол қылқындырғыш маньяк атымен белгілі болған. Қаскөй ағаштар арқылы терезелерден өтіп, қыздар мен әйелдерді қылқындырып өлтірген, оларды зорлап, тонаған. Сол кезде екі қаскөй бүкіл халықты үрейде ұстайтын. 25 жыл жазасын өтеген екі адам биыл бостандыққа шығады. Көптеген петропавлдықтар осыған алаңдаулы.

Петропавлда 90-жылдардың аяғында кедейшіліктің аясында қылмыс күрт өсті. Қарақшылық пен бопсалау қалыпты жағдайға айналған еді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Экономиканың күйреуі, сыртқы экономикалық байланыстардың үзілуі, жұмыссыздық – мұның бәрі халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкелді. Тиісінше, қылмыстың артуына да әсер етті. Зорлық-зомбылықпен, қатігездікпен жасалатын қылмыстар, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуылдар саны өсті. Қару қолданып, түрлі әрекетке баратын”, – деді ішкі істер министрлігі қылмыстық іздестіру ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Шәмшадин Байқуатов.

Петропавлдық қылқындырғыш маньяк жеті жыл бұрын мерзімінен бұрын бостандыққа шықса да, қайтадан темір торға тоғытылды. Өйткені 2021 жылы ол бір қызға шабуыл жасап, тағы үш жыл түрмеде отырды. Ішкі істер қызметінің ардагері Шәмшәдин Байқауытов өзінің кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып, бір рет заң бұзғандардың жартысынан көбі бостандыққа шыққаннан кейін дәл сол қылмысқа қайта баратынын айтады. Сол себепті, оның пікірінше, қоғамға маньяктарды жіберу қауіпті.

“Маньяктар – бұл ауытқығандар, олар ауру. Бізде сондай Жұмағалиев деген болған. Ол босатылуы тиіс. Каннибализммен айналысып, адамның етін жеген. Есі дұрыс жан адам етін жей ме? Әрине, бұл ауру, оларды емдеу керек. Менің ойымша, мұндай адамдар өмірінің соңына дейін психиатриялық ауруханада болуы керек. Өйткені ертең олар бостандыққа шықса, бұрынғы әдеттеріне басады”, – деді Бақуатов.

Учаскелік инспекторлар бақылаудағы адамның мекенжайына мерзімді түрде барып, оның өмір салтын, немен айналысатынын, қайда және кіммен жұмыс істейтінін біліп отырады.

Тег: Басты жаңалықтарЗорлық зомбылықҚылмыскерманьякпетропавл

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
800-ден аса аққу өлген: Маңғыстауда қонақүйге қатысты тексеріс басталды

800-ден аса аққу өлген: Маңғыстауда қонақүйге қатысты тексеріс басталды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz