Әнші Балжан Бидаш күйеуімен ажырасқанын мәлім еткеннен кейін сахнаға қайта оралды. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында айтты, деп жазады Kaskelen.kz
«Негізі сториске кірмеймін деп едім. Сіздерді қатты сағындым. Сахнадан шығып қалыппын, түсірілімнен босамай жүрмін. Екі күн болды. Кішкене шошып қалыппын» деп жазды Балжан Бидаш.
Ал желі қолданушылары сахнаға оралуымен құттықтаған.
«Сахнаға, ортаға оралғаныңа шын жүректен қуаныштымын», «Тілекшіміз», «Маған қазіргі Балжан ұнайды» деп жазды оқырмандары.