Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жеке деректеріңіз таралғаны жайлы хабарлама алсаңыз не істеу керек?

фото: ашық дереккөз

Жеке деректеріңіз таралғаны жайлы хабарлама алсаңыз не істеу керек?

11.03.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
77
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

2024 жылғы 5 наурызда “Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ zaimer.kz (“МҚҰ “Робокэш.кз” ЖШС) микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың 2 миллионнан астам жеке деректерінің таралуын анықтады.

Жалпы Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 млн-нан астам (РФ – 23,6 млн. (zaimer.ru – 16.8 млн., adengi.ru -6.8 млн.); Филиппин 5 млн. (digido.ph); Вьетнам 2 млн (vietloan.vn) деректері анықталды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Егер сіз жеке деректеріңіздің тарағаны туралы хабарлама алсаңыз және “Займер” микроқаржы ұйымының клиенті болмасаңыз, жеке деректеріңізге қол жеткізуге келісім бермесеңіз, жағдайды одан әрі нақтылау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануыңыз керек. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қажет”, – деді министрлік.

Қазақстанның Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 79-бабына және 641-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ қылмыстық кодекстің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн.

Осыған орай Цифрлық даму министрлігі ұсынады:

  • “Электронды үкімет” веб-порталы немесе EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы қарыз алудан ерікті түрде бас тартыңыз;
  • егер, банк қызметкерлерінен қоңырау түскен болса, онда әңгімені дереу үзіп, ресми байланыс деректері бойынша Банкке тікелей қоңырау шалыңыз;
  • жасалатын операцияны (төлемдер, аударымдар және т. б.) растау үшін SMS-кодты хабарламаңыз;
  • интернет-банкингтегі жеке кабинетіңізден құпия сөздерді бермеңіз;
  • банк картасының артындағы CVV/CVC кодын бермеңіз;
  • бөтен мобильді қосымшаларды, соның ішінде құрылғыларға қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпаңыз;
  • қаржылық аккаунттарда бірегей және күрделі құпия сөздерді қолданыңыз;
  • қосымша қорғаныс үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;
  • электронды пошта тіркемелерін ашқан кезде, әсіресе олар бейтаныс жіберушілерден келсе, абай болыңыз;
  • күдікті интернет-ресурстарға (сайттарға) кіруден аулақ болыңыз;
  • сенімсіз ресурстарға жеке ақпаратыңызды ұсынбаңыз;
  • қаржылық операцияларға мониторинг жүргізіңіз.
Тег: алаяқтаржеке дерек

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

Жер сілкінісі кезіндегі халықты жедел хабардар ету жүйесі іске қосылмақ

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz