Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Балқаш ауданында пәтерлердің бірінде 31 жасар полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл факт Қылмыстық кодекстің “Суицидке жеткізу” бабы бойынша дереу тіркелді.
“Мерт болған азаматтың отбасылық қарым-қатынастарда жеке проблемалары болған. Бұл қылмыстық істі тергеу аясында да тексеріледі”, – деп түсіндірді аймақтық ПД.
Жүргізілген тексеріс жұмыстарынан кейін ол өзінің жүрегіне қайшы тыққаны мәлім болды.
Қазір құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайларын толық тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындап, қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Облыстық полиция бастығы тергеу барысын жеке бақылауға алды.