Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Журналистерді аккредиттеу тәртібіне қандай өзгеріс енгізілді?

фото: pixabay.com

Журналистерді аккредиттеу тәртібіне қандай өзгеріс енгізілді?

19.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева БАҚ өкілдерін іс-шараларға тіркеудің жаңа тәртібіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

«Жалпы аталған құжат жобасы қолданыстағы ережелермен салыстырғанда аса көп өзгермеген. Мысалы, аккредиттеуден бас тарту негіздері туралы ережелерге тоқталсақ. Бұл БАҚ-тың жұмыс істеуін уақытша тоқтату немесе мүлдем жабу және ресми реестрде тіркелмегені туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда іске асады», – деп жазды Аида Балаева Facebook парақшасында.

Одан әрі министр журналисттер арасында ең көп сұрақ тудырған жаңа ереженің 10-тармағына, атап айтқанда БАҚ өкілдері сақтауы тиіс талаптарға тоқталды.

  1. кез келген журналист қай БАҚ атынан аккредитациядан өтсе, сол редакцияға ғана ақпаратты жинап, жариялай алады. Алайда журналистке бірден бірнеше БАҚ атынан аккредитация алуға ешкім тыйым салмайды.
  2. бұл талап белгілі бір оқиғаға/іс-шараға қатысты журналистердің жеке пікірлері мен ұстанымдарын әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларына білдіруге қатысы жоқ.
  3. регламент мәселесіне келетін болсақ, қолданыстағы ережелерде қазірдің өзінде іс-шараға қатысушылардың тақырыпты, уақыт тәртібін, қоғамдық тәртіпті сақтауын жүргізуші (яғни, іс-шара модераторы) қамтамасыз ететіні қарастырылған.
  4. ережеде әрбір мемлекеттік органның немесе ұйымның белгілі бір іс-шараның регламентін өзі бекітетіндігі көрсетілген. Бұл ретте министрлік уәкілетті орган ретінде ақпаратқа қолжетімділік қағидаттарын және журналистердің ерекше мәртебесін сақтау мәселелері бойынша аталған регламентті әзірлеу бойынша тиісті ұсыныстарын жіберетін болады.
  5. ерекше маңызды мемлекеттік объектілерге кіру және сол мекемелердегі режимдерді ұстану да қолданыстағы заңнаманы сақтау мен қауіпсіздіктің айнымас бөлігі.

АҚШ пен Еуропалық Одақтың және халықаралық ұйымдардың халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, белгіленген ережелерді, сондай-ақ заңнаманы бұзған жағдайда журналист іс-шараларға қатысу құқығынан және аккредитациядан айырылады. Мысалы, Еуропарламенттегі БАҚ қызметін реттейтін ережеде түсірілімге рұқсат етілген арнайы орындар қатаң түрде белгіленген.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

«Қорытындылай келе, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мен журналистердің мәртебесін арттыру – әрқашан министрлік қызметінің басты басымдығы екенін тағы да жеткізгім келеді», – дейді Аида Балаева.

Айта кетсек, кеше журналистерді аккредиттеу тәртібінің өзгеретіні туралы хабарлаған едік.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 19 маусымда «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды.

Тег: аккредиттеуЖурналист

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz