ІІМ мәліметінше елімізде есірткіге тәуелді оқушыларды анықтау үшін тестілеу жүргізіледі, деп хабарлайды Kaskelen.kz
Қазақстан ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов 2024 жылдан бастап есірткі қолданатындарды анықтау үшін оқушылар арасында міндетті скрининг енгізу жоспарланып отырғанын айтты
Ол үшін ата-аналардан рұқсат алынады. Ал тестілеу кезінде псхиологтардың қатысуымен оқушыларға сұрақтар қойылады екен.
“2012 жылы балаларды тестілеуден өткізу ұсынылғанда ата-аналар қарсы шыққан. Ал қазір ата-аналардың барлығы қолдайды. Көбісі тексергенін қалайды. Себебі мұны бақылау қиын”, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Әмірханов.