Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қырғызстанда сақалдылар мен бетін тұмшалайтындарға айыппұл салынбақ

фото: salah_mezhiev / VK

Қырғызстанда сақалдылар мен бетін тұмшалайтындарға айыппұл салынбақ

15.11.2023
Жаңалықтар
48
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Депутат Шарапатқан Мәжитова Қырғызстанда бетін жауып тұратын киім киюге және ұзын сақал қоюға тыйым салуды ұсынды. Құқық бұзушылық кодексіне тиісті түзетулер қоғамдық талқылауға шығарылды, дnеп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Заң жобасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі мен жеке басын сәйкестендіру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау арасындағы теңгерімді сақтауға көзделген. Ол мемлекеттік органдардың қоғамдық орындарда жеке басын сәйкестендіруді шектейтін паранжа және ұзын сақал қоюдың алдын алу үшін әзірленген. Ал шетелдіктер мен дипломаттарға тыйым салынбайды.

“Ұсыныс жеке басын сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың қоғамдық орындарда киімі мен сыртқы түрін реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістерге қатысты. Айта кету керек, мұндай заңдар адам құқықтарының негізгі қағидаттарын, соның ішінде жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен жеке бас бостандығын құрметтеуге тиіс”, – делінген құжатта.

Қолданыстағы “Қырғыз Республикасының азаматтарын биометриялық тіркеу туралы” Заңға сәйкес мыналарды жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану қажет екендігі атап өтіледі:

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025
  • беттің цифрлық графикалық бейнесі;
  • екі қол саусақтарының папиллярлық үлгілерінің графикалық құрылымы;
  • жеке басын анықтайтын қолы.

Бұл биометриялық параметрлер азаматтарды анықтауға және әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық функцияларды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құжатта заң жобасында азаматтарды діни сеніміне қарай кемсітпейтіні баса айтылған.

“Ол азаматтардың қоғамдық орындардан тыс жерде діні мен наным-сенімдерін еркін білдіру құқығын шектемейді және ұлттық немесе әртүрлі бас киімдерді киюге тыйым салмайды”, – делінген құжатта.

Тег: айыппұлҚырғызстанпаранджа

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Астанадағы тұрғын үй кешенінде табысы 500 млн теңгеден асатын секс-притон анықталды

Астанадағы тұрғын үй кешенінде табысы 500 млн теңгеден асатын секс-притон анықталды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz