Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Инсульт алып, екі қолым істемей қалды”: Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы жайлы айтты (видео)

фото: instagram/zhuldizay_duisenbieva

“Инсульт алып, екі қолым істемей қалды”: Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы жайлы айтты (видео)

27.12.2023
Жаңалықтар
947
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығының нашарлап кеткенін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жүрегі бала күнінен ауырады екен.

“2023 жылы денсаулықпен сыналдым. Мини инсульт алып қалдым. 40-тан асқасын денсаулық сыр береді екен. Бірақ осы жылы мені өте көп жер түсірілімге шақырды. Ондай кезде ауруға уақыт жоқ. Менің жақсы қасиетім, түсірілім алаңына кірерде үйдегі бүкіл проблеманы тастап кетемін. Жан-тәніммен беріліп ойнап болып, үйге келгенде тастап кеткен мәселелеріммен бетпе-бет келемін. Ауырып жүріп түсірілімге де барып жүрдім. Бала күнімнен жүрегім ауыратын. Инсульт алғанымды білмегенмін, екі қолым жұмыс істемей қалды. Қолымды көтеріп үстелдің үстіне қоямын, көтеріп қалтама саламын. Саусақтарым ештеңе сезбей қалды. Одан кейін, желкеме дәу ісік шықты. Шашыңды кесіп, ота жасаймыз” деді. Бірақ мен келіспедім, өйткені ертең түсірілімім бар. Содан Шымкент қаласынан дәрігер достарым ұшып келіп, жеке емханада барып нейрохирург достарым емдеп, жазып алды. Менің туысқандарымнан бастап, достарыма дейін дәрігер мамандығын иегергендер. Мен ғана өнерде жүрген”, – дейді актриса.

Сонымен қатар актриса, денсаулығына байланысты екінші сәби көтере алмай жүр. Сол үшін де жолдасына екінші рет шаңырақ көтеруге келісімін бергенін айтты.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

“Мен күйеуіме екінші әйел алуға рұқсат бергенмін. Бірақ осыны естіген біраз қыз-келіншектер мені сөгіп тастады. Өз отбасым үшін ғана жауап беремін. Барлық адамға үндеу тастап жатқан жоқпын. Менің денсаулығым жарамайтын болғандықтан, Өмірсерікке екінші рет үйленіп, ұрпақ сүй деп айтқанмын. Бұйырып жатса, екінші рет ана атанармыз. Мен қалай бар солай өмір сүремін. “Екінші отбасылы болайын, менен ұрпақ қалсын деген көңілінде қаяу болса, айтқысы келсе, ашылып айта беріңіз” дедім.  Алуға мен емес, Алладан рұқсат, Алла рұқсат беріп қойған ер азаматтарға. Мен Алладан ұлық емеспін, рұқсатымды бергенмін. “Ұрпақсыз қалып бара жатырмын” десе, мен өкпелемеймін. Өкпелеуге қақым жоқ. Денсаулығым жарамаса, осындай тағдыр болса, осыған көнуім керек. Кім біледі, Алла шебер ғой. Бермесе, өкпем жоқ. Алла қызыма ғұмыр берсін. Жолдасыма да өкпем жоқ. Екінші отбасын құрамын десе, мархабат. Бірақ ол кісі “қойшы, бір әйел жетеді” деп әзілдейді. Соған қарағанда өзі де екінші әйелді қаламайтын секілді”, – деп әзілдеді актриса.

Тег: "Ұйқым келмейді"Жұлдызай Дүйсенбиева

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Қазақстандық рэпер мен оның продюсері есірткі таратты деген күдікпен ұсталды (видео)

Қазақстандық рэпер мен оның продюсері есірткі таратты деген күдікпен ұсталды (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz