Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Полицияға 25 рет жүгіндім”: Бұрынғы күйеуінің ұрып-соққанынан шаршаған әйел көмек сұрайды

фото: EYEEM

“Полицияға 25 рет жүгіндім”: Бұрынғы күйеуінің ұрып-соққанынан шаршаған әйел көмек сұрайды

24.01.2024
Жаңалықтар
40
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бұрынғы күйеуінің ұрып-соққанынан шаршаған астаналық Таңшолпан Керімова көмек сұрайды. Әйелдің сөзінше, 25 рет хаттама толтырылса да, полиция “қылмыс құрамы жоқ” деген сылтаумен жауапқа тартпай отыр, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтыламын деп ажырасып кеткеніне алты жыл болса да, бұрынғы күйеуінің өктемдігін әлі күнге дейін көріп келеді. Тіпті Тараздан Астанаға қоныс аударған.

“Үйімнен, жұмысымнан шыға алмай қалдым. Мұрнымды сындырғанына байланысты қылмыстық іс қозғалып, кейін тоқтап қалды. Учаскелік полицей “Ешқандай құқықбұзушылық көріп тұрған жоқпыз” дейді. “Өткенде мұрнымды сындырды ғой” десем, ол өтіп кетті ғой дейді”, – дейді Таңшолпан Керімова.

Келіншек шаңырақ көтергелі 25 рет ішкі істер органдарына жүгінген. Оның айтуынша, түрлі себеппен іс жылы жабылып, құзырлы орган өкілдері хаттама толтырудан әрі аспайды. Тек бірнеше рет қансырап жатқан келіншекті көрген учаскелік полицей күйеуін 10 тәулікке қамаған.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

“Қайтемін, енді?! Өліп қалу керек пе?! Ешқандай құқықбұзушылық көріп тұрғанымымыз жоқ, келсе 102-ге хабарласыңыз дейді. Оның анасы бұрын ішкі істер департаментінде істеген. Таразда мен ешқандай әділдік таппадым ғой. Таразда барлық істен сол кісі құтқарып отырды. Мамасы сол жақта істегеннен кейін мен ешқандай әділдік таппадым ғой”, – дейді Таңшолпан Керімова.

Абақтыдан шыққан соң бұрынғы күйеуінің ашуы тіпті үдей түскен. Не жұмысына, не далаға шыға алмай қалған келіншек қазір екі қызымен елордадағы дағдарыс орталықтарының біріне жайғастырылған.

“Осындай әйелдер жиі келіп түседі. Көбінесе сол күйеулері қол көтереді. Психологиялық жәбір көрсетеді. Бұл орталықтың істегеніне 10 жыл болды ғой. Осы уақыт ішінде 2300-ден астам адам түсті. Бірақ жыл сайын адам саны көбейіп келе жатыр”, – Астана қаласы дағдарыс орталығының психологы Жұлдыз Аймағамбетова.

Алматы ауданы учаскелік полицейлері соңғы рет келгенде, тек әкімшілік іс қозғап он тәулікке қамаған. Ал қылмыстық іс ашуға құрам таппайды.

“Аталған факті бойынша құқықбұзушылық анықталып, Алматы ауданы полиция басқармасының уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Бұған дейін қала тұрғыны жүгініп, жанжал шығарып, оны қудалап жатқан бұрынғы жұбайына қатысты шара қабылдау туралы өтініш білдірген болатын. Полиция қызметкерлері әкімшілік іс қозғады”, – деді Астана ПД ресми өкілі Гүлмира Шырахметова.

Тег: қылмысТұрмыстық зорлық-зомбылық

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Маңғыстауда мүгедектігі бар жасөспірімді бір топ жеткіншек ұрып-соққан

Маңғыстауда мүгедектігі бар жасөспірімді бір топ жеткіншек ұрып-соққан

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz