Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Неліктен елімізде бөліп төлеу арқылы сатып алу тиімді?

Неліктен елімізде бөліп төлеу арқылы сатып алу тиімді?

26.02.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
71
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Онлайн төлемдердің трендке айналуымен қатар халық кез-келген тауарды бөліп төлеу арқылы сатып алуды әдетке айналдырды. Кейбіреулер бұл үрдісті қате деп санайды. Ал жақтаушылар бұның тиімділігін алға тартады. Бұл шын мәнінде қолайлы ма әлде жоқ па, қазір талдайтын боламыз.

Сатып алушыға қандай пайда әкеледі?

Бөліп төлеудің негізгі пайдаларының бірі – тауар құнын ұзақ уақыт мерзіміне бөліп алу мүмкіндігі. Бұл сатып алушыға бір ірі төлеммен бюджетіне ауыртпалық түсірмей, қаражатын оңтайлы басқаруға мүмкіндік береді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Бірақ та бөліп төлеу мүмкіндігін әдетте қаражаты жеткілікті, алайда оны жаратқысы келмейтін қазақстандықтар да қолданады.

Мәселен киім-кешекке немесе гаджетке бірден 100 мың теңге жұмсамай, оны 3 айға бөліп төлеуге ресімдеп, 33 мың теңгеден төлеп отыруға болады. Ал егер бөліп төлеу мерзімі бұдан ұзақ болса (6, 12 немесе 24 ай), онда төлем де азайып, ай сайынғы табыстың қалған бөлігін басқа мақсаттарға жұмсауға еркіндік береді.

Сонымен қатар бөліп төлеу қымбат тауарларды алуда таптырмас әдіс болмақ – жасайтын саудаңыз шұғыл болса (мысалы тоңазытқыш бұзылса), ұзақ уақыт ақша жинамай-ақ алуға болады. Сонда қазақстандықтар тауарды бірден қолдана алады, ал құнын ай сайын аздап төлеп отыра алады.

Ал әдеттегі несиеге тауар алатын нұсқаға қарағанда, бұл жағдайда сатып алушы артық үстемеақы төлемейді, себебі бөліп төлеу кезінде сыйақы болмайды: 100 мың теңге құны бар тауарға артық төлемсіз 100 мың теңге төлеу қажет.

Бастысы – ай сайынғы салым сомасы мен өз қаржылай мүмкіндігіңізді дұрыс есептеп алуыңыз.

Тағы бір айта кетерлігі, бөліп төлеу кәсіпкерлердің өзіне де маңызды рөл атқарады.

Бизнеске таптырмас құрал

Бөліп төлеу жолымен сату сатылымның өсуіне ықпал етеді: мұндай ұсыныс бірден көп ақша жұмсағысы келмейтін сатып алушыларды көбірек тартып, сатып алуға қызығушылығын оята алады.

Бұл сатушыларға қаржылық айналымды арттыруға мүмкіндік береді: себебі бөліп төлеу кезінде тауарға ақша алады, ал сатып алушы төлемдерді банкке құяды. Сол себепті кәсіпкер тезірек кіріс алады, соның арқасында ол өз клиенттік базасын кеңейте алады, тіпті жұмыс орындарын құра отырып, жаңа жұмысшыларды жалдай алады.

Сонымен бірге бұл құралдың экономикаға да тигізер пайдасы бар: бизнес қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесі арқылы төлем алады, яғни бұл кіріс ресми болады. Нәтижесінде бұл салық төлеу мәселелерінде ашықтықты қамтамасыз етеді және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтады.

Өз кезегінде салықтарды төлеу халықтың өзі үшін өмір сүру жағдайларын жақсарта отырып, түрлі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды тиімдірек қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Оның үстіне егер электронды чек болса, сатып алушының өзі де қорғалады – сіз ақауы бар өнімді ауыстыруға немесе сатып алудан бас тартуға және ақшаны қайтаруға тезірек қол жеткізе аласыз.

Жалпы алғанда тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып алу сатып алушы үшін де, сатушы үшін де тиімді. Бұл төлем әдісі тауарлардың қолжетімділігін кеңейтуге, сатылым көлемін ұлғайтуға және екі тарап үшін де қолайлы тәжірибе жасауға ықпалын жасайды.

Егер сатып алушы өзінің қаржылық мүмкіндіктерін есептемесе, тәуекелдер туындауы мүмкін. Сондықтан бөліп төлеу сіздің кірістеріңіз бен шығындарыңыздың деңгейін ескере отырып қолданылуы керек.

Тег: банкБөліп төлеунесиеТөмен пайыз

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Геннадий Головкин: Мен саясаткер емеспін

Геннадий Головкин: Мен саясаткер емеспін

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz