Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде қай автокөлік түрлері жаңадан шығарылмақ?

Елімізде қай автокөлік түрлері жаңадан шығарылмақ?

29.04.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
201
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Қазақстанның екі қаласында автокомпоненттік базаны дамыту бойынша жобалар пысықталып жатыр. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz.

«Автомобиль жасауда автокөлік құрастырудың неғұрлым күрделі деңгейіне кезең-кезеңмен көшу жөнінде шаралар қабылданып жатыр. Автокөлік өндірушілерінің алдында шағын торапты құрастыру үлесін 2027 жылға қарай жалпы өндіріс көлемінен 50 пайызға дейін ұлғайту бойынша міндеттемелер тұр. Биылдың өзінде біз шамамен 20 пайызға, келесі жылы – 30 пайызға, ал 2026 жылы 40 пайызға жеткізуге тиіспіз», – деді Қ. Шарлапаев Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның сөзінше, Қостанай және Алматы қалаларындағы шағын өнеркәсіптік аймақтардың алаңдарында автокомпоненттік базаны дамыту бойынша жобалар пысықталып жатыр. Орындықтар өндірісі мен Қытай автомобильдерін шығаратын көп брендті зауыт салу жобасы жүзеге асырылып отыр. Бұдан бөлек, көліктерге арналған пластикалық бөлшектер мен мультимедиялық жүйелер өндіретін кәсіпорындарды пайдалануға беру жоспарланған.

«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәнекерлеу және бояу жөніндегі операциялар Қазақстан аумағында өндірілетін әрбір автомобиль брендінде қамтылады. 2027 жылға қарай шағын торапты құрастыру әдісімен шамамен 200 мың автомобиль шығару жоспарланған. Сонымен қатар, өндірілген автомобильдер желісі «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Jetour (2024 жылы) маркасымен толықтырылып, чехиялық «Skoda» компаниясымен келіссөздер жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, «Astana Motors» компаниялар тобы

2025 жылға дейін іске қосылуы жоспарланған өндірістік желіні ұйымдастыру үшін «Changan», «Chery», «Haval» секілді қытайлық танымал брендтерді тартты», – деді министр.

Тег: автокөлік

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Елімізде 2030 жылға дейін қандай 25 мамандық сұранысқа ие болады?

Елімізде 2030 жылға дейін қандай 25 мамандық сұранысқа ие болады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz