Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандық аруларға күтінуге қанша ақша кетеді?

фото: kedmacosmetics.ru

Қазақстандық аруларға күтінуге қанша ақша кетеді?

03.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ағымдағы жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жеке гигиена тауарлары бір жылда 9,9 пайызға қымбаттады. Қатты қымбаттағаны дезодорант болды, оның орташа бағасы 15 пайызға өсті, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Қазақстанда наурыз айының қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бір жылда 8,2 пайызға қымбаттады. Алайда кейбір санаттарда бағаның өсу қарқыны жоғары болды.

Мысалы, Energyprom порталы хабарлағандай, жеке гигиена тауарлары бір жыл ішінде орташа есеппен 9,9 пайызға қымбаттады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Қандай заттар қымбаттады?

Ең көп қымбаттағаны дезодорант болды: баға бірден 15 пайызға өсті. Душқа арналған гель – 12,8 пайызға, ал қолға жағатын крем бағасы 12,6 пайызға артты.

Сонымен қатар тіс пасталары (11,8 пайызға), сусабын (11,1 пайызға), иіссабын (10,6 пайызға), көбік пен қырыну гелі (10,5 пайызға), шаш бояуы (10,3 пайызға) және тіс щеткалары (9,7 пайызға) айтарлықтай қымбаттады.

Ұстара да азық-түлікке жатпайтын тауарлар сияқты қымбаттады, яғни жылына 8,2 пайызға, ал бетке жағатын крем және нәрестеге арналған сабындардың бағасы айтарлықтай төмен өсті: 7 пайызға және 4,7 пайызға.

Бір қызығы, гигиена және күтім тауарлары Солтүстік Қазақстан облысында 16,6 пайызға қатты қымбаттады. Екінші орында 14,5 пайыз өсіммен Жамбыл облысы, ал үшінші орында 14,2 пайыз өсіммен Алматы облысы.

Айта кетерлік жайт, Қазақстандағы жеке гигиена тауарларының нарығы толығымен дерлік шетелдіктердің еншісінде. Сарапшылар атап өткендей, жергілікті өндіріс саладағы өнімдердің кез келген санатын дерлік көтере алмайды, ал кей жерлерде ол мүлдем жоқ.

Мұндай жағдай азық-түлікке жатпайтын тауарлар саласында ғана орын алып отырған жоқ. Қазақстан кейбір азық-түлік өнімдері, соның ішінде қант жеткізу бойынша да импортқа тәуелді.

Тег: гигиенатауар

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Қазақстанда пайда болатын арзан тарифтері бар жаңа оператор қандай?

Қазақстанда пайда болатын арзан тарифтері бар жаңа оператор қандай?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz