Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жыл басынан бері елімізде жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші қанша пайызды құрайды?

фото: pixabay.com

Жыл басынан бері елімізде жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші қанша пайызды құрайды?

16.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қорытындылары туралы хабарлады.

Ұлттық статистика бюросының жедел деректеріне сәйкес жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты өсуі ағымдағы жылғы қаңтар-мамырдағы 3,2%-пен салыстырғанда жеделдеуді көрсетіп, 3,3%-ті құрады. Динамиканың жақсаруы тауарлар өндірісінде де (3,5%-тен 3,6%-ке дейін), сондай-ақ қызмет көрсету секторында да (3,1%-тен 3,3%-ке дейін) байқалады.

Өткен жылмен салыстырғанда экономиканың өсу қарқынының баяулауы экономиканың едәуір секторларының дамуына, оның ішінде сауда, көлік, логистика және т.б. шектеуші әсер еткен 10 өңірдегі су тасқыны салдарының әсерімен, сондай-ақ мұнай өндірудің 1,6%-ке қысқаруымен байланысты.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

ЖІӨ құрылымында экономика өсуінің басты факторларының бірі өнеркәсіптік өндіріс болып табылады, оның көлемі 2,8%-ке ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу (5,1%-ке) сақталуда, ол тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі (0,3%-ке) өсуден едәуір озық қарқынмен өсіп келеді.

Өңдеу өнеркәсібінің салалары арасында машина жасау өндірісінің 9,4%-ке, металлургияның 8,3%-ке, химия өнеркәсібінің 5,3%-ке, фармацевтикалық өнімнің 14,8%-ке және жиһаз өндірісінің 28,3%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,7 трлн теңгені құрады және бес айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5 проценттік тармаққа жеделдеп, 8,6%-ке өсті.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 4,6 млн шаршы метр көппәтерлі үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,9%-ке жоғары.

Тег: жалпы ішкі өнім

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Полицейлер жыл басынан бері қанша тонна есірткі тәркіледі?

Полицейлер жыл басынан бері қанша тонна есірткі тәркіледі?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz