Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Еліміздің мұнай-газ саласында кадр тапшылығы бар: Себебі неде?

фото: pixabay.com

Еліміздің мұнай-газ саласында кадр тапшылығы бар: Себебі неде?

13.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сала мамандары кадр тапшылығының туындауы заңдылық екенін алға тартып отыр. Өйткені, елімізде мұнай-газ бағытында кадр даярлайтын оқу орны жоқ. Компаниялар амалсыздан өз ордасында кішігірім даярлық мектебін ашып, қызметкерлерін шетелге тәжірибе жинақтауға жіберетін көрінеді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов кадр даярлауға бас мән беру маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстан мұнай-газ саласы – еліміздің экономикасының негізі. Қазір бұл салада 250 мыңға жуық азамат жұмыс істейді. Десе де, кадр тапшылығы жоқ емес. Әсіресе, білікті инженерлер қажет. Бұл мәселе әлемнің көптеген елдерінде де бар», – деді ол.

Оның сөзінше, Қазақстанда жобалау жұмыстарын жүргізу жоғары маңызға ие. Қоғамда «жобаны қай компания жүзеге асырады, қай компанияның өнімі сатылып алынуы керек?» деген сұрақтар жиі туындайтын көрінеді. Осы орайда, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселелерді қолға алуды тапсырған. Оны іске асыруда бірнеше қиыншылық бар.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

«Бұған дейін Қазақстанның жобалау компаниялары тек қана бейімдеу жұмыстарымен айналысып келді. Шетелде дайын жоба әзірленіп, елге әкелінді. Бізде жұмысшыларды, кадрларды дамыту мәселесі өте күрделі. Бейімдеуге және жобалауға керекті техника екеуі екібөлек дүние. Сондықтан жобалау компанияларын техникалық қамтамасыз ету керек», – деді спикер.

Рашид Жақсылықовтың айтуынша, Қазақстандағы мұнай өндіруші компаниялардың өнімі 4%-дан аспайды. Сол үшін алдағы уақытта өндірушілер мен тұтынушылардың байланысын нығайту көзделген. Саладағы кәсіпорындарды 3 алпауыт операторлармен таныстырып, олардың арасында ынтымақтастық орнату жоспарда бар.

«Соңғы 3 айда бүкіл аймақты аралап шықтық. Тіпті, Солтүстік Қазақстанда мұнай саласына сіздердің өнімдеріңіз қажет дегенде таң қалдырған өндіріс орындары да болды. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыруымыз керек. Қазақстанда өндірілді деген сапалы тауар көп болу керек деп есептейміз», – деді Рашид Жақсылықов.

Тег: кадрмұнай-газ

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Kaspi.kz мобильді қосымшасында ЖК салық режимін ауыстыру мүмкіндігі пайда болды

Kaspi.kz мобильді қосымшасында ЖК салық режимін ауыстыру мүмкіндігі пайда болды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz