Өткен жылы Қазақстанда ең көп сатылған көлік анықталды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
2024 жылы Chevrolet Cobalt көлігі көп сатылымға ие болған. 26 537 данасы сатылған. Екінші орынға Hyundai Tucson шықты, 22 389 дана, үшінші орында Kia Sportage орналасып, 8 834 көлік сатылды.
Марка бойынша жағдай мынадай: қытайлық көліктердің сатылымы өсіп, басқа брендтердің сатылымы өз орнын сақтап қалған.
Алғашқы ондықта маркалар былай жайғасқан:
- Hyundai – 44 218 дана
- Chevrolet – 30 927 дана
- Kia – 23 045 дана
- Chery – 14 883 дана
- Jac – 11 771 дана
- Toyota – 11 045 дана
- Haval – 10 983 дана
- Jetour – 9 507 дана
- Changan – 8 510 дана
- Geely – 8 252 дана