Полиция қаруды тіркеу, сақтау және тасымалдау ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Дерекке сүйенсек, Қазақстан азаматтарына аңшылық, спорттық және өзін-өзі қорғау мақсатында қару иеленуге рұқсат етіледі.
– Қаруды сатып алу үшін www.elicense.kz порталы арқылы полициядан арнайы рұқсат алу қажет. Сатып алынған қару бір апта ішінде тұрғылықты жердегі полицияда тіркелуі тиіс. Әр 5 жыл сайын рұқсатты жаңарту қажет, – деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметінен.
Сақтау талаптары:
- Қару қалыңдығы кемінде 3 мм болатын металл сейфте немесе берік темір жәшікте сақталуы тиіс;
- Қару оқ-дәріден бөлек сақталады;
- Қауіпсіздік талаптары сақталып, қалалық елді мекендерде дабыл жүйесі орнатылуы керек;
- Кәмелетке толмағандардың қаруға қолы жетпеуі тиіс;
- Қаруды тиісті рұқсатпен ғана тасымалдауға болады. Қоғамдық орындарда қару оқталмаған, қаптаулы күйде болуы тиіс.
Ережелерді бұзу қаруды тәркілеуге, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін білгеніңіз абзал, – делінген жазбада.