Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
2025 жылы еліміздегі саяси партияларға қанша қаржы бөлінеді?

фото: pixabay.com

2025 жылы еліміздегі саяси партияларға қанша қаржы бөлінеді?

21.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Орталық сайлау комиссиясы 2025 жылы Қазақстандағы саяси партияларға бюджеттен 15,2 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Қаражатты есептеу жаңа формула бойынша жүргізіледі. Әрбір сайлаушының дауысына 0,65 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бөлінеді.

2025 жылы АЕК 3 932 теңгені болды. Сондықтан бір дауыс үшін 2 555,8 теңге бөлінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Сайлаушылардың 2023 жылғы дауыстары негізінде партияларға бөлінетін қаражат:

  • Amanat партиясы: 3 431 510 дауыс × 2 555,8 теңге = 8,7 миллиард теңге;
  • “Ауыл” партиясы: 693 938 дауыс × 2 555,8 теңге = 1,7 миллиард теңге;
  • Respublica партиясы: 547 154 дауыс × 2 555,8 теңге = 1,3 миллиард теңге;
  • “Ақ жол” партиясы: 535 139 дауыс × 2 555,8 теңге = 1,3 миллиард теңге;
  • Халық партиясы: 432 920 дауыс × 2 555,8 теңге = 1,1 миллиард теңге;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы: 331 058 дауыс × 2 555,8 теңге = 846 миллион теңге.

Жалпы сомасы: 15 262 519 420 теңге.

Бұрынғы формуламен есептегенде 85 000 теңге болып тұр, ол ең төменгі жалақының 3%-ы.

Бір дауыс үшін 2 550 теңге бөлінер еді. Бұл жағдайда жалпы сома 15 227 883 450 теңге. Жаңа формуламен салыстырғанда 3,4 миллион теңгеге аз болар еді.

Орталық сайлау комиссиясы жаңа формула қаражаттың инфляция деңгейіне байланысты өсіп отыруына мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда “Адал заман” атты жаңа саяси партия пайда болуы мүмкін екені айтылған еді. Оны заңгер, “Болашақ” стипендиясының иегері, халықаралық полиграфологтар қауымдастығының мүшесі Ержан Наурызбай бастап отыр. Әзірге партияның әділет министрлігінде тіркеуі де, қаржыландыруы да жоқ. Тек идея мен белсенділер тобы бар. Мақсаты – тиімді және әділ саяси-құқықтық жүйе мен халықтың жалпы әл-ауқатын қалыптастыру.

Тег: қаржыпартия

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Әлемдегі ең лас елдердің тізімі жарияланды: Қазақстан нешінші орында?

Әлемдегі ең лас елдердің тізімі жарияланды: Қазақстан нешінші орында?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz