Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Ақтық сапарға театрдан емес, мешіттен аттанды”: Бекжан Тұрыс досы Асқар Наймантаевтың жаназасы туралы айтты

фото: ашық дереккөз

“Ақтық сапарға театрдан емес, мешіттен аттанды”: Бекжан Тұрыс досы Асқар Наймантаевтың жаназасы туралы айтты

06.12.2023
Жаңалықтар
2.4k
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал актер Бекжан Тұрыс ұзақ уақыт созылмалы дертпен күресіп, дүниеден өткен құрдасы, әріптесі Асқар Наймантаев туралы естелік жазды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Бекжан Тұрыс марқұм актердің соңғы сағаттарында жанында болған.

“Сатиралық мұраларың “Алтын қорда” ғана сақталып қалуға тиіс құрдасым-ау, сенен осылай айырылып қалам деп ойладым ба…
“Кластасым” деп қағытып, “құрдасым” деп қалжыңдап жүретін Асекең – Асқар Наймантаев өзінің әлеуметтік желідегі әрбір жазбасына кейде тіпті қатысым болмаса да мені ілмектеп белгілей беретін. Құдайдың кұдіретін-ай, өмірінің соңғы күндерінде қасында болуды жазды. “Әй, Асқар, сен ештеңені уайымдама. “Бекжан тәуіп” деген Бауыржан аға Қаптағаев қойған атым бар, өзің жақсы білесің. Көресің осыдан, жазам сені. Әлі-ақ еске алып айтып отырамыз осы күндерді”, — дегеніме мәз болып күлген едің. Денсаулығыңа араша түсудің қамына кірісіп, дәрігерлермен де келісіп, жанашыр жанның арқасында алғашқы қажетке жаратар қаржыны да тауып қойғанда бақиға бет бұрып кете бердің, құрдасым-оу… Күйікке толы күрсініс, өзек толы өкініш, өкпеде өксік, қабырғам сөгіліп, жаным езіліп тұр…”, – деп жазды актер.

Актерді ақтық сапарға театрдан шығарып салуға “кейбір адамдар” қарсы болып, орталық мешіттен шығарған.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

“Жұлдыз” мейрамханасына саған арналған қонақасы берілген кешегі кешке қатыса алмай, өзіңнің ұстазың —Тұңғышбай аға екеуміз “Абылай ханның ақырғы күндерін” ойнадық. Сенің пәнидегі соңғы күніңде. Сенің рухыңа арнағандай. Кездейсоқтық па бұл? Мен Бұқар арқылы сені жоқтадым, ұстазың Абылай хан арқылы ішіндегісін саған ақтарды. Сен рухың арқылы бізбен қоштастың. Сахна соны сездірді. Өйткені үшеуміздің де ғұмырымыз сахнада өтті, өтіп келеді. Бар ғұмырыңды театр өнеріне арнағаныңмен театрдан шығартпай адамдар қарсыласқанмен Алла дәрежеңді көтеріп Орталық мешіттен “шықтың”. Көрерменің, қалың қазағың қоштасты солай. Білмеймін, бірақ ақиқаты — осы! Ал білетінім… Енді мені ешкім “мүттәйім” демейді. Енді ақпанның 9-ында: “Менің жаңа жылым Мұқағалидың туған күнінен басталады”, деп те ешкім айтпайды. “Туған күнің көп болсын!” — дейтін әдемі тілегің де өзіңмен бірге кетті.
Бақұл бол, Асеке! Ұзақ сапарың ұлағатты болсын!”, – деп жазды актер.

Тег: Асқар НаймантаевБасты жаңалықтарБекжан Тұрыс

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Келесі жылы «Келешек» бағдарламасы іске қосылмақ

Келесі жылы «Келешек» бағдарламасы іске қосылмақ

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz