Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматы облысында мектеп қызметкерлері жөндеу жұмыстарына жегілуде (видео)

Фото: видеодан скриншот

Алматы облысында мектеп қызметкерлері жөндеу жұмыстарына жегілуде (видео)

16.08.2023
Жаңалықтар, Жаңа Қазақстан
22
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Әлеуметтік желіде Алматы облысында мектеп қызметшілерінің өздерін жөндеу жұмыстарын істеуге мәжүрлегені туралы бейнежазба тарады. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш жағдай Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қайназар ауылында болған. Жұмысшылардың айтуынша, олардың тікелей міндеті мектептің тазалығына жауап беру. Ал мектептің жөндеу жұмыстары олардың міндетіне кірмейді. Мектеп қызметкерлері болған жағдайға қатысты БАҚ-тан араша сұрады.

https://kaskelen.kz/wp-content/uploads/2023/08/saveinsta.app-3169709870642574660.mp4

“Заң бойынша біз бұл іспен айналысуымыз керек пе? Бұл үшін жалақымызға ақша қосылмайды. Біз мұндай келісімшартқа қол қойған жоқпыз. Біз тазалықты қадағалауымыз керек пе, әлде жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз керек пе”, – дейді видеодағы әйел.

https://kaskelen.kz/wp-content/uploads/2023/08/saveinsta.app-3169709871045193094.mp4

Бейнежазба көпшіліктің наразылығын тудырды. Желі қолданушыларының айтуынша, мұндай жағдай еліміздің көптеген аймақтарында болып жатқан көрінеді.

https://kaskelen.kz/wp-content/uploads/2023/08/saveinsta.app-3169709871674925013.mp4

“Барлық мектепте де солай. Тіпті мұғалімдер демалысқа шығарда жұмысшыларға кабинетін ақтап, бояп, қараңғылауды тапсырады“, Мектеп қызметкерлерінің жалақысын кем дегенде 200 мыңға дейін көтерсін”, “10 жыл бұрын осындай еді, әлі өзгермепті ғой”, – деп жазды желідегілер.

https://kaskelen.kz/wp-content/uploads/2023/08/saveinsta.app-3169712261127062281.mp4
https://kaskelen.kz/wp-content/uploads/2023/08/saveinsta.app-3169716829848933672.mp4

Алматы облысының білім басқармасы мектеп жұмысшыларының наразылығына қатысты Stan.kz сұрауына жауап берді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

“Алматы облысының білім басқармасы, Жамбыл ауданы, Қайназар ауылының №1 орта мектебінде жүргізіліп  жатқан жөндеу жұмыстары туралы ақпаратқа  техникалық қызметкерлер ағымдағы тазалау, оның ішінде ағарту және жуу жұмыстары оқу жылы басталар алдында олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес жүргізілгенін хабарлайды. Мектеп басшылығы тарапынан еңбек бұзушылықтар жоқ. Жалақы ҚР 31.12.2015 №1196 Заңына сәйкес төленеді. Бұл мектепте тазалау екі аптаға созылады”, – делінген хабарламада.

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Блогер Әсел Асқарды аяусыз соққыға жықты

Блогер Әсел Асқарды аяусыз соққыға жықты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz