Танымал әнші Абай Бегей марқұм әйелін есіне алып, бүгінгі жеткен әр жетістігіне келіншегі Жанат себепкер болғанын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Абай Бегей “Жұлдызды Weekend” бағдарламасында марқұм әйелі жайлы жан сырын ақтарып, сұхбат кезінде көз жасын тыя алмады. Толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыз.
Әнші бүгінгі жетістігіне келіншегі Жанаттың қосқан үлесі орасан зор екенін атап өтті.
“Әлі қатты танымалмын деп айтпай-ақ қояйын. Бірақ осы танымалдылығыма себепкер Жаннаттың еңбегі, шыдамдылығы десем де болады. Мен шаршаған кезде әрқашан қолдап, “сен сахнаға шығуың керек” деп демеу болатын. Бәрі сол Жанаттың еңбегі. Мені жоқтатпай, балаларға өзі қарады. Сол кезде өзі дағдарыс кезі еді. Сол уақытта біраз көмегін тигізіп, 90 пайыз Жанаттың арқасында алаңсыз жүрдім. Алматыда екі-үш айлап қалып қалатын кездерім болды.
Ұлымның тойын да Жанатты еске алып, құранмен бастайықшы дедім. Ұлымның анасына арнаған хаты балаларымның ойы болды. Мен оларды қолдадым. Ана деген қашанда естен кетпейді ғой. Кеше баламның жазғанын тыңдап жылап алдым. Өмір бар жерде өлім де бар. Мен бәрін түсінемін, балаларымды да түсінемін”, – деді Абай Бегей.