Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде кімдер декреттік төлемдерден айырылады?

фото: pixabay.com

Елімізде кімдер декреттік төлемдерден айырылады?

17.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
6
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры декретке шыққан ана немесе әке баласы 1,5 жасқа толмай тұрып жұмысқа орналасса, декреттік төлем тоқтатылатынын еске салды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

“Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” декретке шыққан анасына немесе әкесіне бала күтіміне байланысты табысынан айырылғандықтан, әлеуметтік төлем төлейді. Бұл төлем оған баласы 1,5 жасқа толғанға дейін беріледі. Алайда декреттегі ана немесе әке ресми жұмысқа орналасса, декреттік төлем толық тоқтап қалады.

 “Бұл төлемді алудағы негізгі шарт – адамның табысынан айырылғанында және бала күтімімен айналысқанында. Бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алатын уақыт, яғни 18 ай бойы сақталуы керек. Осы ретте төлем алушыда әлеуметтік төлемді алып жатқан кезде еңбек қызметін жүзеге асырса, табысынан айырылған болып есептелмей қалады”, – деп еске салды қор.

Декретке шыққан ата-ана жұмысқа орналасса, мұны 10 жұмыс күнінде “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне хабарлауы керек. Ол арыз жазғаннан кейінгі келесі айдың бірінен бастап төлем тоқтылады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Ата-ана еңбек қызметіне қайта оралғанын ескертпесе, сот шешімі бойынша ол жұмыс істеп бастаған уақытынан бастап алған төлемді қайтаруға міндеттеледі.

Сондай-ақ қордың мәліметінше, Әлеуметтік кодекс бойынша, көп балалы аналар республикалық бюджет қаражаты есебінен тиісті жәрдемақы алады. Ал отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаса, онда бюджет қаражаты есебінен атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.

Тег: декретдекреттік төлем

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Астанада жұмыс істейтін жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады?

Астанада жұмыс істейтін жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz