Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

фото: pixabay.com

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Қазақстандағы фармацевтикалық нарықтың 84 пайызы шетелдік өнімдерге тиесілі. Бұл туралы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

— 2024-2025 жылдары жүргізілген екі аудит нәтижесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінде бірқатар кемшілік анықталды. Ең бастысы — отандық фармацевтиканың нашар дамуы. 2024 жылы еліміздегі фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құрады, оның 84 пайызы — шетелдік өнімдер, — деді Смайылов.

Ғылымға бөлінген қаржы мен үйлестірудің әлсіздігі

Сізге ұнауы мүмкін

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025
Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Сонымен қатар, Жоғары аудиторлық палата басшысы 2022–2024 жылдар аралығында медицина ғылымына 58 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Алайда, қаржы бөлінгенімен, зерттеу жұмыстарының саны аз және олар үйлестірілмеген.

— Денсаулық сақтау министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан іске асырылатын зерттеулер бір-бірімен байланыспаған. Бұл нақты қажеттіліктерге негізделген ғылыми басымдықтарды айқындауға мүмкіндік бермейді, — деді ол.

Мәселе қайда жатыр?

Смайыловтың айтуынша, отандық дәрі-дәрмек өндірісінің деңгейін арттыру, ғылым мен денсаулық сақтау саласының интеграциясын күшейту, сондай-ақ салалық ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру — өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Тег: дәріфармнарық

Ұқсас материалдар

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Елімізде алтын қанша тұрады?

Елімізде алтын қанша тұрады?

05.06.2025

Алтынның бір грамының құны 55 325 теңге шамасында, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. 2025 жылдың 5 маусымында Қазақстанда алтынның бір грамы...

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz