Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Олимпиада қарсаңында: Ел қоржынына жүлде салып, кейін елден көшіп кеткен спортшылар кім?

фото: pixabay.com

Олимпиада қарсаңында: Ел қоржынына жүлде салып, кейін елден көшіп кеткен спортшылар кім?

18.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
10
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Олимпиада жақындаған сайын, отандық спортшыларымызға назар күшеюде. 30 жылдық тарихымызда ел батыры атанған өзге ұлт өкілдері жетерлік. Кейбіреулері есте қалса, ендігілері назардан назардан тыс қалды. Осыған байланысты Sportbugin.kz әр жылдары Қазақстан атынан Олимпиада мен әлем біріншіліктеріне қатысып, жүлде алған соң шетелге кетіп қалған спортшылар тізімін жасады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Мхитар Манукян (Армения) – грек-рим күресі

Мхитар Манукян грек-рим күресінен 63 кг дейін салмақ дәрежесінде екі дүркін әлем чемпионы (1998, 1999). 2004 жылы өткен Афина Олимпиадасының қола жүлдегері. 1997 жылы Дәулет Тұрлыхановтың шақыртуымен Қазақстанға келіп, 2015 жылы АҚШ-қа көшіп кетті.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Георгий Цурцумия (Грузия) – грек-рим күресі

Цурцумия Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері. Ұзақ жылдар бойы Қазақстанда еңбек етті. Қазір оның нақты қай елде жүргені белгісіз.

Геннадий Лалиев (Ресей) – еркін күрес

Геннадий Лалиев 2004 жылы өткен Афина Олимпиадасының еркін күрестен 74 кг дейін салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген (2003). 1999 жылдан бері Қазақстан намысын қорғаған. Қазіргі таңда Владикавказда тұрады.

Леонид Спиридонов (Якутия) – еркін күрес

Леонид Спиридонов ұзақ жылдар бойы еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі болды. Ол екі бірдей Олимпиадаға қатысып, жүлдесіз қалған. Бірақ Леонид Спиридонов 2006 жылғы Азия чемпионы, 2010 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Қазіргі таңда Якутияның спорт министрі.

Алла Важенина (Ресей) – ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Кейіннен осы бәсекеде топ жарған қарсыласы допингпен ұсталып, Олимпиаданың алтыны Алла Важенинаға бұйырды. Олимпиададан соң дереу Ресейге қайта оралып, спорт мектебін басқарған. Қазіргі таңда Губкинск қаласындағы спорт басқармасының басшысы. 2007 жылға дейін Ресей намысын қорғады.

Марид Муталимов (Ресей) – еркін күрес

Марид Муталимов Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. Қазіргі таңда Маридтің нақты қайда және немен айналысатыны туралы жанкүйерлер біле бермейді. Айта кетелік, санаулы күндерден кейін Париж Олимпиадасы басталады. Байрақты бәсеке 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы ел намысын қорғайды. Олар спорттың 25 түрінен бақ сынайды.

Даниал Гаджиев (Ресей) – грек-рим күресі

Даниал Гаджиев грек-рим күресінен Лондон Олимпиадасында Қазақстан балуандары арасынан жалғыз медальді жеңіп алды. Батыс Қазақстан облысының атынан сынға түсіп, қымбат көлік, бағалы сыйлықтар алды. Қазіргі таңда балуанның нақты қайда екені туралы мәлімет жоқ. Бірақ жергілікті спортшылар Гаджиевтің атамекеніне оралғанын айтады.

Таймураз Тигиев (Ресей) – еркін күрес

Осетиндік балуан еркін күрестен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған. 2014 жылы оның сынамасынан допинг табылып, жүлдесінен айырылды. Тигиев те өзінің туған жеріне қайта оралған.

 

 

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Туыстарына күніне бірнеше рет ақша аударатын қазақстандықтар тексеріле ме?

Туыстарына күніне бірнеше рет ақша аударатын қазақстандықтар тексеріле ме?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz