Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Павлодарда бала сүндеттелгеннен кейін ауруханаға түсті

фото: ашық дереккөз

Павлодарда бала сүндеттелгеннен кейін ауруханаға түсті

01.09.2023
Жаңалықтар
118
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Павлодарда бес жасар бала сүндеттелгеннен кейін жағдайы нашарлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желіде жазып, құзырлы органнан көмек сұрады.

“23 тамыз күні 5 жастағы баламды  мұсылман дәстүрі бойынша сүндетке отырғызу үшін  облыстық балалар емханасының хирург дәрігеріне алып келдім. Өкінішке қарай, дәрігердің қателігі мен қызметіне салғырт қарауының нәтижесінде баламның денсаулығына үлкен зиян келді. Хирургия бөлімінің меңгерушісінің өзі мұны дәрігер қателігі деп айтты. Сол күні біздің басымыздан өткен жағдайды сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Отаға алдын ала жазылып, дәрігермен танысып, ұлымызды оған сеніп тапсырудың нәтижесінде біз қазір Астана қаласындағы Ана мен бала орталығында жатырмыз. Дәрігер баламның болашағына балта шапты”, дейді баланың анасы.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, қазіргі таңда баланың ота жасалған жеріне екі катетор қойылған. Жағдайы ауыр. Дәрігерлер де нақты ештеңе айтпаған.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

“Қазіргі таңда дәрігер өзінің жұмысына танытқан салғырттығын жабу үшін шығару уақытын өзгертіп, жазбаны түзетіп жатыр. Бұған дейін ол шығару құжатымен таныстырып, қолымызға бермеген”, дейді ол.

Баланың анасы ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен бала құқығын қорғау органдарына мәселені назарға алып, кінәлі адамды жазалауды сұрайды.

Аталған оқиғаға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

“Осы факт бойынша денсаулық сақтау басқармасында арнайы комиссия құрып, қызметтік тексеру жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады. Осы жағдай бойынша жоспардан тыс тексеруді ашу үшін ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне хат жолданды. Бала Ана мен бала орталығының урология бөлімінде, жағдайы тұрақты”, делінген хабарламада.

Тег: Павлодарсүндет

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Тоқаев аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беруді тапсырды

Тоқаев аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беруді тапсырды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz