Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Мүгедек болып қалды”: Түркия тұрғыны адам қаққан Ерлан Көкеевті іздестіріп жатыр

фото: instagram.com/abk_toby

“Мүгедек болып қалды”: Түркия тұрғыны адам қаққан Ерлан Көкеевті іздестіріп жатыр

12.12.2023
Жаңалықтар
212
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Журналист, қоғам белсендісі Гүлмира Әбіқай жеке парақшасында жазба жариялап, әнші Ерлан Көкеевті Түркия тұрғыны іздестіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Журналистің айтуы бойынша, әнші Түркияның Аланья қаласына отбасымен демалуға барған.

“Бұл жайлы маған Лера (видеодағы) жазда Анталияға барғанымда айтқан еді. Содан бері Ерланға (Көкеев) 2-3 рет хабарластым. Көмекшісі алды, жол-көлік оқиғасы жайлы білмейтінін айтты. Ерланға бәрін жеткіздім деді, Көкеев ләм-мим. Оқиға былай, Лера 26 жылдан бері Түркияда тұрады. Жылжымайтын мүлік сатып, жалға көлік берумен айналысады. Теңіз жағалауындағы шаһарға Қазақстандық әншілер легі аттанғанда жарнамалық ұсыныспен Көкеевпен танысады. “Қасында жұбайы, жанында 5-6 баласы бар екен, үлгілі әке ретінде көрдім” дейді Лера. Былтыр әнші Лерадан жалға көлік алады. Отбасы, бала-шағасымен бір шараға барып, мас күйінде мото жүргізушіні қағып кетеді. Есі шыққан Ерлан Лерадан көмек сұрайды, ол таныстарын әкеп, сақтандыру төлеп, Ерекеңді кепілге шығарып алады”, – деп жазды журналист.

Әншіден жапа шеккен Түркия азаматының денсаулығы оңалмаған көрінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

“Әншінің қаққан жігіті ауруханаға жеткізіледі. Бәрібір денсаулығы оңалмай, қазір мүгедек болып қалғанын айтты Лера. Түркия заңы бойынша, жол-көлік оқиғасының барлық шығынын рульдегі жүргізуші емес, көлік рәсімделген иесі көтереді. “Көлік пен медициналық сақтандыру, кепіл ақысы мен сот отырысының шығыны 34мың € болды. Оны өтегенше Ерлан мен әйелі жанымнан шықпай, өлердегі сөздерін айтып, арашалауын өтінді. Алғашқы шығындарды өтеген соң Көкеев көлеңкесін көрсетпей кетті” деп назын білдірді Лера. Алғашында телефон тұтқасын көтермей, кейін Лераның нөмірін мүлдем бұғаттап, өзі Қазақстанға тайып тұрған. Қазір бүкіл Аланья АБК-ң экс әншісін шарқ ұрып іздеп жүр”, – дейді қоғам белсендісі.

Тег: Гүлмира ӘбіқайЕрлан Көкеев

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
“Пышақтап, кейін каналға лақтырып жіберген”: көз жұмған Аружан Орынбайдың ата-анасы сот үкіміне наразы

"Пышақтап, кейін каналға лақтырып жіберген": көз жұмған Аружан Орынбайдың ата-анасы сот үкіміне наразы

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz