Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Ақшам жетпей көлігімді де сатып жібергенмін”: Мадина Сәдуақасова сахналық образдарының сырымен бөлісті

фото: instagram.com/sadvakasovamadina

“Ақшам жетпей көлігімді де сатып жібергенмін”: Мадина Сәдуақасова сахналық образдарының сырымен бөлісті

29.01.2024
Жаңалықтар
215
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақ эстрадасының әншісі Мадина Сәдуақасова өнеріндегі соңғы жаңалықтарды айтып, сахналық образдарының сырымен бөлісті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Жарқын жүздесу” бағдарламасына сілтеме жасап.

Әншінің сөзінше, сахна жаңашылдықты талап етеді.

“Әлеуметтік желі шыққалы адамдар түрлі қызметті меңгеріп кетті. Өзіме қызық болғанымен, басқаларға күлкілі болуы мүмкін. Сондықтан арнайы мамандардың көмегіне жүгіндім. Жаңашылдықтан қорықпаймын. Командама кіл жастарды жинап жатырмын. Музыкалық продюсерім, директорым, әкімшім, SMM мамандарынан төрт-бес адам бар, видеограф, тик-токер, копирайтер, маркетолог, заңгер, есепші, стилист бар. Заманның талабы сондай боп тұр. Осы уақытқа дейін кез келген нәрсені беталды сала берген екенмін. Бас-аяғы 12 адам менің сахнаға жарқырап шығуыма қызмет етеді”, – дейді әнші.

Сонымен қатар эстрада жұлдызы ашық образымен жиі сынның астына қалатынын да жасырмайды. Оның айтуынша, сахналық киімдеріне қоятын талабы жоғары екен. Көйлекке ақшасы жетпегенде астындағы көлігін де сатқан көрінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

“Сахнаға әдемі көйлекпен жарқырап шыққанға не жетсін?!. Тіпті көйлекке ақшам жетпей көлігімді де сатып жібергенмін. 2005 жыл болуы керек, ұмытпасам. Дубайда демалып жүр едім. Сауда үйінен көйлек көрдім. Тура сол сәтте әлгі көйлекті ала салатын ақшам болмай елге қайттым. Бірақ көйлек көз алдымдан кетпей қойды. Тіпті ұйықтап жатып түсімде көремін. Сол кезде “Мерседес” маркалы көлік мініп жүргем және оны бір жігіт “сатыңызшы” деп сұрайтын. Соған звондап, “аласың ба, алатын болсаң ақшаңды әкеп бер” дедім. Ақшаны алып, Дубайдағы таныс қыздарға жіберіп, әлгі көйлекті алдырдым”, – дейді өнер иесі.

Тег: Мадина Сәдуақасовашоу бизнес

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Банк картаңыздан ақша ұрланса, не істеу керек?

Банк картаңыздан ақша ұрланса, не істеу керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz