Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Ұлымның әкесі – Бейбіт Қорған”: Атырау тұрғыны әншіден балалы болғанын айтты

фото: "Астарлы ақиқат" бағдарламасы

“Ұлымның әкесі – Бейбіт Қорған”: Атырау тұрғыны әншіден балалы болғанын айтты

15.11.2023
Жаңалықтар
1.2k
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Атырау тұрғыны Нұргүл Зиханова қазақ эстрадасының әншісі Бейбіт Қорғанмен өте жақын қарым-қатынаста болғанын айтып, одан ұлы бар екенін жасырмады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап.

Келіншектің айтуы бойынша, осыдан бес жыл бұрын әншімен Атырау қаласындағы караоке-барда танысқан.

“2018 жылы қараша айында Атыраудағы караокеде достарымызбен жиналдық. Екінші қабатта отырғанбыз, Бейбіт бірінші қабатта болды. Құрбым ол кісімен нөмер алмасқанын айтты. Кейін басқа кафеге тамақтануға шығып кеттік. Сол жерде құрбым: “Бейбіт Қорған қонақүйге шақырып жатыр” деді. Танымал әнші болғасын және әндерін жақсы көргендіктен құрбыммен еріп баруға келісімімді бердім. Ол кезде сағат таңғы 5-6-ның шамасы болатын. Мен ол кезде сөйлеспедім. Тек екеуінің әңгімесін тыңдап отырдым. Олар ішімдік ішіп отырды, мен екі рет сыра ғана іштім”, – деп еске алды Нұргүл.

Кейін құрбысы мен Бейбіт Қорған сөзге келіп, құрбысы ашуланып кетіп қалған. Соңында қонақ үйдегі шығындарды әнші өзі төлеген көрінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

“Бір ай өткеннен кейін Бейбіт жаңажылдық кешке ән айтуға келді. Сол кезде мені қаладағы “Қазақстан” қонақүйіне шақырды. Достарымен отыр екен мені “қарындасым” деп сол жердегілерге таныстырды. Менде бірден төсекке секіру ой болған жоқ. Телефон нөмерімізді алмастырып, бірнеше рет кездестік”, – дейді Нұргүл.

Оның айтуы бойынша, әншінің заңды әйелі мен балалары барын білген.

“Атыраудың тумасы болғаннан кейін, өмірі де өнері де жақсы таныс. Отбасылы адам екенін де білдім. Жақындасу кезінде де өз еркіммен берілген жоқпын. Нөмеріне барудағы мақсатым – тек әңгіме айтып, танысу. Маған мінезі қатты, бірбеткей еркектер ұнайтын. Бейбіт те көңілімнен шықты. Өзім де ұнаттым,” – деп шынын айтты.

Нұргүл Зиханованың негізгі мамандығы – аспаз. Бірақ мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Кейін фотограф болып жұмыс істеген. Әйел әншіге жүкті екенін айтқан, ол “өзің біл” деп жауап берген. Әйелдің айтуынша, баланың денсаулығында ақау бар. Ол “балаға жәрдем берсе екен, өзіме ештеңе керек емес”, – дейді.

“Жүкті екенімді айттым, бірақ ол алдырып таста, менікі емес” деп айтқан жоқ. Бұзылған телефонымда екеуара сөйлескен хаттарымыз болатын. “Тыныш жүр. Ешкім біліп қоймасын” деп жазған еді. Ұлым Әлиханның туабітті бүйрегі дұрыс істемейді. Баланың диагнозын бәрін жібердім. Бірақ ол көп хабарласа берме деді”, – дейді Нұргүл.

“Ондай адамды танымаймын. Екінің бірі солай айтты деп, жүгіріп ДНҚ сараптамасын тапсырмаймын. Сіздер де жөнсіз менің мазамды ала бермеңіздер”, – деді өнер иесі тұтқаның ар жағынан.

 

Тег: Астарлы ақиқатБасты жаңалықтарБейбіт Қорған

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Ринат Зайытов министрлер мен әкімдердің ұлдарын әскерге жіберуді міндеттеуін ұсынды

Ринат Зайытов министрлер мен әкімдердің ұлдарын әскерге жіберуді міндеттеуін ұсынды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz